Маңғыстаулық полияция қызметкерлері пәтерінде есірткі және атыс қаруы мен патрондарды сақтаған азаматты ұстады
20 Ноября 2016 (16:28) | 1613 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ІІ Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14.11.2016 жылы сағат 20.15-те Маңғыстау облысы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының (ЕБҚКБ) қызметкерлерімен Ақтау қаласының 11 шағынауданында Атырау қаласының 1987 ж.т. «Д» атты азаматынан салмағы 103,63 грамм есірткі құралы «марихуана» тәркіленіп алынды.
Уақытша тұратын мекен-жайы бойынша ұсталған «Д» атты азаматтың пәтеріне тінту жүргізу барысында Маңғыстау облысы ІІД ЕБҚКБ қызметкерлерімен тағы да атыс қаруының екі данасы (бірұңғылы және қосұңғылы), «шолақ мылтыққа» ұқсас жасалған (16 калибр) және 8 жауынгерлік оқ тәркіленді.
- «Д» атты азаматқа қатысты ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі (ірі мөлшердегі есірткі құралы «марихуананы» сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде «Д» атты азамат ұсталып, Ақтау ҚІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жабылды, - делінген Маңғыстау облысы ІІ Департментінің баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратта.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему