Тарихтан тағылым
Курс валют в Актау
на 23/01/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
23 Января, 17:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тарихтан тағылым

14 Ноября 2016 (11:35) | 1833 | Автор: Нурганым Имашева

 

КӨНЕ ФОРТ-АЛЕКСАНДРОВСКІНІҢ ӨТКЕНІ НЕМЕСЕ 1-ші ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ СОҚПАҚТАРЫ

 

Бұдан бұрынғы мақаладан оқырман қауым Халықаралық қоғамдастықта «Австрия стеласы» туристік нысанын насихаттау этнотуристік жобасының І-кезеңі аяқталғаны жайлы хабардар. Аталмыш жобаны Маңғыстау облыстық туризм басқармасы түркі мәдениетінің «Түріксой» Халықаралық ұйымының және Астаналық туризм ассоциациясының қолдауымен жүзеге асырғанын оқырманның есіне сала кетейік.

 

 

ТАҒЫ БІР ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ

Форт-Шевченконың 170 жылдық мерейтойын тойлау кезінде жауынгерлік зираттағы австриялық әскери тұтқындар бейітіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою кезінде Австрия елшілігінің 2-ші хатшысы, Австрия елінің Қазақстандағы Елшілігінің елшісі Зиглинда Шпанланг неміс тілінде жазылған стеланы мұқият оқып қарады.

 

Халықаралық қатынастар мен түрлі халықтардың тарихи-мәдени ескерткіштерінің қыр-сырына үңілудің шебері, түркі мәдениетінің «Түріксой» Халықаралық ұйымындағы Әзірбайжан елінің өкілі, Анкарадан келгенЕльчин Гафарлы көрші стелаға назар аударып, кішкене қойтастағы жазуды оқып тұрып, кенеттен : «Мынау Авсрия кресі ғой! Леопольд 2 австриялық император орденіндегідей австриялық геральдика бейнеленген құлпытас қой мынау» дегені.

 

Кең танылған дерек көздерден белгілі болғанындай, Леопольдтың Австрия Императорлық Орденін 1808 жылы австрия императоры Франц I өз әкесі император Леопольд II-нің екіжылдық ел билеуінің құрметіне енгізген екен.

 

 Орденнің 4 дәрежесі болған: Үлкен крест, І дәрежелі Крест, Командор кресті, Рыцарлық крест. Бұл орден азаматтарға мемлекет пен император алдындағы азаматтық және әскери ерліктері үшін, сонымен қатар әдебиет, өнер және ғылым салаларындағы жетістіктері үшін тапсырылатыны белгілі болып отыр. Командорлық крестпен кезінде атақты Иоганн Гёте марапатталыпты.

 

Түпқарағандағы австриялық әскери тұтқындардың тағдырына қатысты әңгімелер айтылған кезде Ельчин мелим австриялық әскери тұтқындардың қатысуымен салынған нысандарды аралап көру кезінде «Дарын» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысын салуға арналған құрылыс материалдары сол кезде теңіз асып, Бакуден әкелінуі мүмкін деген жорамалын айтты. Австриялық әскери тұтқындарды сол кездегі билік тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған. Мүмкін, олардың австро-венгр армиясының құрамындағы әскери тұтқындар емес, қарапайым азматтар болуы да ғажап емес.

 

Жақында өткен Түпқарағанның 170 жылдық мерейтойлық шараларынан соң Австрияның Қазақстандағы Елшілігінен Маңғыстауға мынадай хабар келді: «1-ші Дүниежүзілік соғыстың ескерткіштерін зерттеумен айналысып жүрген австриялық тарихшы-ғалымдар Фогель мен Фельц Түпқараған жеріндегі бауырластар зиратын зерттеуге қызығушылық танытты. Жақын арада біз бұл зерттеулердің толық мәліметтерімен таныса аламыз».

 

Жергілікті жердің тұрғындары Түпқарағандағы жауынгерлер /христиан/ зиратында австриялықтардың жерленгеніне ешбір күмән келтірмейді. Австриядан келген мейманның Түпқарағанға жасаған сапары кезінде аудан әкімі Темірбек Асауаов құрметті қонаққа Бекет Ата мешітінің бейнесінде жасалған сый кәдені тарту етіп, былай деген болатын:

- Аташ кентінің тумасы болатын мен бала кезімнен 1-ші Дүниежүзілік соғыстың кезінде Форт жерінде болған австриялық әскери тұтқындар және олардың өңірдегі кейбір әлеуметтік нысандардың құрылысын салуға өз үлестерін қосқаны туралы көп естігенмін.

Балық аулау және мал бағумен шұғылданған жергілікті балықшылар мен малшылар құрылыс салу мен радиостанцияны орнату ісінің қыр-сырын білмей қиналуы түсінікті ғой, сондықтан Түпқараған жеріне жер аударылып келген австриялық құрылысшы және байланысшы инженерлердің қызметіне жүгінген болуы керек.

Мен өз Отанымның ұланы ретінде туған өлкемнің күрделі тарихи кезеңінде оны көтеруге атсалысқандардың отанымен дипломатиялық, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың тығыз орнатылуына өз септігімді тигізіп, қолдайтын боламын.

 

 

ТАЛАЙЛАРҒА МЕКЕН БОЛҒАН

Маңғаз Маңғыстаудың ғасырларға созылатын көне тарихының қарашаңырағына айналған Түпқараған жері өз бауырына талай тылсым сырды бүгіп жатқаны бүгінде белгілі болып отыр, Атап айтқанда, маңызды дүбірлі тарихи оқиғалардың куәсі болған осынау түбектің топырағында табанының ізі қалған көрнекті тарихи тұлғалар туралы бұдан да бұрын түрлі басылымдар мен тарихи кітаптарда жазылып келді.

 

Түпқараған тарихында ізі сайрап қалған кейбір тұлғалар жайлы мәліметтерді шараға қатысушылардың есіне салған Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова, тарихи оқиғалар тізбегін тарқатты. Басшының мәлімдеуінше, «Белгілі Түркістан саяси және қоғам қайраткері Мұстапа Шоқайдың Францияға кету сапары аты аңызға айналған Форт-Шевченко қаласы /Форт-Александровск айлағы/ арқылы жалғасқан. Тарихи, саяси тартыстардың нәтижесінде ұлт көсемі жат жерде, алыстағы Германия мемлекетінде көз жұмып, Франция елінің Ножан-Сюр-Марн қаласында сондағы қазақ диаспорасы оған арнап естелік қабырға мен мемориалдық тақта орнатқан. Мұстапа Шоқайдың мемориалдық бюсті Форт-Шевченко көшесінде орнатылуының сыры осында».

 

Форт-Шевченко арқылы қызылгвардияшылардың қуғынынан шетелге қашқан ақ казак армиясының атаманы Владимир Толстовтың да жолы өтіпті. Ол өзімен бірге 40 жәшік күмісті ала қашқан деген дерек бар. 15 000 нан тұратын оның әскерінің Форт-Александровскіге жеткенше 3000 казак саны ғана қалған екен. Атаман Толстовтың өзі алыстағы Австралия елінде жерленсе, оның армиясында болған сарбаздарының көбі Түпқараған жерінен мәңгілік мекен тапты. Олардың бейіті де сақталмапты. Тек бір ғана белгілі жайт – австриялық әскери тұтқындар сияқты, олар да киелі Түпқараған жерінде тыныштық тапқан.

 

 

ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖОҒАЛАР, АЛ АДАМ ЖАДЫ ЕШҚАШАН

Австрия стеласы бойынша этнотуристік жобасын орындаушы белгілі өлкетанушы Наталья Задерецкаяның айтуынша, этнотуржобаның қатысушысы Маңғыстау облыстық мұрағатының ардагері Ангелина Гаркуша тарихи мәліметтердің жеткіліксіз болуына байланысты Маңғыстау облысының ҰҚК Департаментінің мұрағат қорына сауал салуға кеңес берді. Анық болғанындай, 1988 жылы Маңғыстау облысы кезекті рет таратылған кезде Түркістан легионы, басмашылық және австриялық тұтқындарға қатысты көптеген мәліметтер Атырау облысының ҰҚК Департаментінің мұрағатына жолданған. Ал Атыраудағы мұрағатта австриялық әскери тұтқындарға қатысты тарихи мағұлматтар сақталмаған.

 

- Форт-Шевченкодағы Т.Шевченко атындағы мұражай-кешенінде және Маңғыстау облыстық мұрағатында негізінен 1918 жылдан бергі құжаттар сақталыпты. Австриялық әскери тұтқындардың Маңғыстау жерінде болған кезін қамтитын тарихи мәліметтер жинақталған папкалардың тағдыры, атаман Толстовтың өзінің туған қаласы Гурьевтен шетелге алып қашып, Маңғыстау құмдарына көміп кеткен деген 40 жәшік күміс бұйымдарының тағдыры сияқты беймәлім.

Осы сынды киелі өлке тарихына қатысы бар құнды мәліметтерді бірге іздейік, құрметті жерлестер, - дейді белгілі өлкетанушы Н.Задерецкая.

 

Ол Түпқараған жерінде мәңгілік мекенін тапқан әскери тұтқындардың Австрия елінің аазаматтары болғанына шүбә келтірмейді. Себебі Евгений Ханкин есімді азаматтың айтқанындай «Соғыс жылдарының оқиғаларын ескеруде нашар тізбек – ұмыту деген болмауы тиіс. Себебі, ұмыту дегенміз - кек».

 

Бірі-бірімізді сүю арқылы, келмеске кеткендердің рухына бас июмен, оларды ұлты мен сеніміне қарап бөлместен, болашаққа деген жарқын көзқараспен, нық сеніммен қадам басайық. Өз түп-тамырымызға назар аударсақ, көпшілігімізде ол - түрлі сенімдегілерден тұрған...,- деген пікірін білдірді белгілі өлкетануші Наталья Задерецкая.

 

Этнотуристік жобаның Астанадағы жалғасы туралы мәліметпен газетіміздің алдағы сандарынан және сайтымыздағы жаңалықтардан танысатын боласыздар.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему