Маңғыстау облысы өрт сөндірушілері Құтқарушылар күнінде Ант қабылдады
24 Октября 2016 (10:43) | 2577 | Автор: Нурганым Имашева
Құтқарушылар күнінде, Ақтауда Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында жас қызметкерлер Отанға, Қазақстан Республикасына және халқына деген адалдық Антын қабылдау рәсімі өтті.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева хабарлады.
Қазақстан Республикасының Әнұраны жауынгерлерді антқа жетеледі. Салтанатты шарада әскери борышына адалдық антын барлығы 44 жас буын – болашақ құтқарушылар қабылдады.
Шараға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті басшылығы мен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Муханов Сейтмолда қатысты.
- Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Камалов Рамиль Фаткулович жас сарбаздарға құттықтау сөзін арнады. Жас қызметкерлерге анттың мағынасы мен құтқарушыларға жүктелген құрметті және жауапты міндеттер туралы әңгімеледі. Ол жас буын-құтқарушының сауатты маман, аға буын өрт сөндіруші-құтқарушылардың дәстүрін жалғастыратын тәртіпті және ынталы жауынгерлер болатынына сенімін білдірді.
Толқу күйіндегі жас србаздар Отанға деген адалдық антын білдірді, дей тұрғанмен олардың көздерінде өзінің қызметіне деген мақтаныш сезімі ұялағаны және шын жүрек үнімен әрқашан адамдарды құтқаруға және кез келген жағдайларда көмекке келуге дайын екендіктерін аңғартатын сенімділік байқалды, - дейді Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему