Теңіз жануарларына төнген қауіп!
Курс валют в Актау
на 13/06/2021
 
425.19
428.98
 
518.2
522.93
 
5.85
6.02
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
13 Июня, 13:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теңіз жануарларына төнген қауіп!

23 Сентября 2016 (14:29) | 2527 | Автор: Нурганым Имашева

 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі Кәмшат Ізбасарова өңірде орын алып отырған осынау өзекті мәселеге қатысты өзінің ой-толғамдарын, көзқарасын таныту, мамандардың ой-пікірін білдіру арқылы құзырлы органдардың назарын осы түйткілді мәселеге аудару мақсатында біздің басылым редакциясына осы мақаласын жолдапты. Автордың «жан айқайын» ешбір өзгеріссіз оқырман қауымның назарына ұсынуды жөн көрдік.

 

Жақында, яғни қыркүйек айының 18-ші жұлдызында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде тағы да қырылған итбалықтар табылды. Бұл туралы құзырлы органдарға Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының тұрғындары хабарлаған.

 

Қазір жауапты мекемелер итбалықтардың неден қырылғанын анықтауға кірісті. Нақты себебі әзірге белгісіз. Сан түрлі болжамдар жасалуда.

 

«Тексеру жұмыстары басталып кетті. Уәкілетті органдарға аталған аумақты зерттеу тапсырылды. Қорытындысы белгілі болған соң, итбалықтар неден өлгені туралы ақпарат таратылады. Алдын-ала болжам бойынша, итбалықтар ауға түсіп немесе браконьерлер оларды қорлады деуге әлі ерте», - дейді Маңғыстау табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Аслан Құжиев.

 

Бұған дейін, яғни 30 тамызда қала тұрғыны теңіз жағалауында өлі скат тапқан болатын. Негізінен Каспийде скат бұрын - соңды болған емес, сол себепті оның теңізде қалайша пайда болғанын анықтауға кірістік деген болатын, өңірлік экология департаментінің мамандары.

 

Каспийдегі итбалықтардың жаппай індетке ұшырауы жиілей түскендей. 2000 жылы Каспий теңізінде 30 мыңға жуық итбалығы қырылған, оның 10 мыңнан астамы Қазақстан жағалауынан табылған болатын. Теңіз жануарларының өлі денелерін қатты жел Каспийдің солтүстігінен оңтүстік акваториясына ағызып әкелген еді. Ол кезде итбалықтардың қырылу себебін мамандар хроникалық токсикоз деп атады. Яғни, жануарлардың өлі денелерінен шикі мұнайдың ыдырау өнімдерін, отын мен флот мазутын, сондай-ақ, пестицидтерді тапқан, бұл итбалықтардың иммунитетінің кенет төмендеуіне және де олардың жұқпалы ауруға шалдығуына әкеп соқтырған.

 

Соңғы жылдары теңіздің Маңғыстауға қарасты аумағында итбалықтардың бұрынғыдай мыңдап немесе жүздеп қырылғаны байқалмайды. Шүкір дерлік. Алайда, алда бұрынғы жағдайдың қайталанбасына кім кепіл?!

 

Мұндай деректерге қарап, құдды Каспийдің флорасы мен фаунасының қазіргі жай-күйін талдау, антропогендік және техногендік әсер жағдайында табиғат байлықтарын сақтау мен тиімді пайдалану іс-шаралары қолға алынбапты деген ойға қаласың.

 

 

Каспий теңізінің ертеңгі тағдыры алдымен халықты алаңдатады. Әдетте теңіз жануарының өлексесін жағаға лақтырса, алдымен мұнай компанияларынан көретініміз бар. Оларға теңіз қойнауындағы байлықты игеруде заманауи технологияларды қолданып, табиғатты қорғау заңнамаларының барлық нормаларын сақтай отырып әрекет етсін деген талаптар үнемі қойылады. Алайда барлық мәселені тек алпауыт кәсіпорындарға ысырып қойғанымыз жарамас. Яғни, бұл мәселеге тек біржақты қарамауымыз керек.

 

Бірақ, бәрінен бұрын Каспий аймағының қазіргі экологиялық жағдайы кім-кімді де алаңдатуы тиіс. Теңіздің ішкі жағдайын айтпағанда, жанындағы айналасының, ауаның ластануы, тірі ағзалардың, жәндіктердің, өсімдіктердің азаюы алдымен демалушыларды ойландыруы тиіс. Әсіресе, жаз мезгілінде теңіз жағалауында демалушылардың іс-қимылын бақылайтын атқа мінген полицейлер тәртіп бұзғандарға шара қолданғанымен, ішімдік ішіп, кәуәп пісіріп, демалған орындарын жинамай жағаны қоқысқа толтыратындар әлі де бар.

 

Қазақстан биолауантүрлілікті сақтау қауымдастығының Маңғыстау облысындағы филиал төрағасы, «Қолдау-Қазақстан» көпсалалы коммерциялық емес холдингі «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығының жетекшісі Әділбек Қозыбақовтың пікірінше, Каспийде итбалықтардың қырылуы және балық қорының күрт азайып кетуі, теңіздің ластануы салдарынан болып отыр. Оның айтуынша, итбалықтар мен бекіре балықтарының теңіздегі миграциялары және уылдырық шашу маусымдары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігі бұрыннан айтылып келеді.

 

 

«Алайда бұл мәселеге дұрыс көңіл аударылмай отыр. Бұл бастаманың нәтижесін көру үшін,арнайы ғылыми институт құрып, аяқсыз қалдырмай оның жұмысын жандандырып, зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа уақытылы хабарлап тұру керек. Осы мәселе төңірегінде жиын өткізу керек, оған жергілікті билік, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдары мен басқа мүдделі тараптарды қатыстырып, олардың пікірін білген дұрыс және ортақ шешімге келуіміз қажет», - дейді ол.

Қазіргі таңда, жабық су қоймасының өте нәзік жүйеде құрылған экологиясын қорғауға арналған шаралар жеткіліксіз болып отыр.

 

Бүгінгі таңда топырақтың эрозияға ұшырауы, бекіре балықтарының азаюы, итбалықтың қырылуы, атмосфераның бүлінуі, киіктердің азайғандығына алаңдаушылық білдіру керек. Яғни бұл проблемаларға көз жұма қарамай, керісінше дабыл қағатын мезгіл әлдеқашан жетті. 

 

Мемлекеттік кешенді бағдарламаның орындалысын қоғамдық қадағалау қажет. Әйтпесе тек итбалық емес, басқа да суда тіршілік ететін жәндіктерге төнетін қауіп жоғары болып тұрғандығын қазіргі жағдайлар көрсетіп отыр. Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселесі төңірегінде айтылып жатқан ұсыныс-пікірлер көп. Бірақ олар ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелі еместігі қынжылтады.

 

Теңіздің экожүйесі бүліне берсе, табиғаттың тірі бөлшегі –балықпен қоса итбалықтың да құрып кетуі ғажап емес.

 

Экологтар итбалықтардың, балықтар немесе құстардың өліміне негізінен олардың улануы себеп дегенді жиі алға тартады. Бұл Каспий теңізінің жылдан - жылға құрамы өзгеріп, ластанып келетінін көрсетсе керек. Демек, теңіз табиғи және жасанды түрде ластанып отыр десек қателеспейміз. Соның ішіндегі негізгісі, өкінішке орай – антропогенді, яғни адами фактор болып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему