Ақтауда 94 жастағы науқастың жамбас сүйегіне ота жасалды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 94 жастағы науқастың жамбас сүйегіне ота жасалды

27 Мая 2020 (09:00) | 1724 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Жармыш ауылының тұрғыны ағымдағы жылдың 18 мамырында облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне медициналық көмекке жүгінген.

 

 

Ауруханаға түскенде сол жақ жамбас буыны ауыратынын айтқан ақсақал, нәтижесінде төсекте жатуға мәжбүр, өйткені еркін тұрып жүруі қиындай түскенін алға тартты. Науқастың қазіргі жағдайы жаман емес, өзін жақсы сезінеді және қайтадан бұрынғы қалпына келу бойынша емделу процедурасын жалғастырып жатыр.

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Есет Шахатбаев айтып берді. Оның айтуынша, науқасты хирургияға қабылдау туралы шешім ұзақ ойланбастан қабылданды.

 

Ең бастысы ота сәтті өтті. Жақын арада науқас үйіне жіберіледі. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық.

 

-Науқас үйде жүріп жарақат алған, яғни құлаған. Алдымен емшіге барып қаралған, бірақ бұл жерде медицина араласпаса болмайтын болды.

 

Алдымен Шетпе ауылындағы орталық аудандық ауруханасына барған, содан соң облыстық ауруханаға жіберілген. Ең бастысы біздің дәрігерлер барын салды, тиісті ем-дом шараларын қолға алған болатын, нәтижесі көз қуантарлық.

 

Науқастың жасы жүзге таяп қалды, соған қарамастан ол өзін жақсы сезінеді. Мұндай отаны кейде жастардың өзі ауырсынып жатады, - дейді ол.

 

Бұған дейін травматологтар осындай отаның жүзге жуығын жасаған. Ал хирургиялық отаның бұл түрі кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында жасалады.

 

Бұл жағымды жаңалықпен Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бөлісті.

 

Суретті түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему