Маңғыстау облыстық ТЖ Департаменті судағы қауіпсіздікті сақтау үшін кешенді шараларды ұйымдастырды
6 Сентября 2016 (09:26) | 2027 | Автор: Нурганым Имашева
- Каспий теңізі жағалауында суға түсу маусымы қазан айна дейін жалғасып келеді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысының көлемінде 30 демалыс базалары бар. (Ақтауда - 20, Кендірліде - 10) бұл:: 3- суға түсу аймағы, 5-балалар лагерлері, 22-демалыс базасы.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта шомылуға қауіпті бөліктер белгіленді, олар «Шора» су каналы, С. Шапағатов селосындағы Ақтау қаласынан 43 шақырым жердегі және Ақтау қаласындағы ара қашықтығы 300 метрдей 4 шағын аудан «Каспиан-Ривьера» қонақжайынан бастап 5 шағын аудан Т. Г. Шевченконың ескерткішіне дейінгі тұстағы теңіз жағалауындағы жасақталмаған жер.
Тыйым салынған және қауіпті аймақтарда «Қала жолдары» ЖШС-мен Ақтау қаласында 8 тыйым салу белгілері қойылды Жаз айларында 5 сауықтыру лагері ашылды. Оларға суға түсу маусымында жедел құтқару жасағының адамдарын қойып, сол жақта кезекшілік ұйымдастырды, - деп мәлімдедіМаңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Мұхамбетов журналистермен кездескен баспасөз мәслихаты барысында.
ТЖ департаменті бастығы орынбасарының айтуынша, «Теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында шомылу маусымында Департамент тарапынан әртүрлі іс-шаралар өткізілуде: облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген біріккен іс-шаралар жоспары жасақталды.
Жылдың басынан облыстың барлық мектептерінде және оқу орындарында облыстағы су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы 1665 оқушыны қамтыған 54 лекция ұйымдастырылып, өткізілді; 965 мектепті, 686 оқушыны және 580 мұғалімді қамтыған 9 интерактивті сабақ өткізілді; қауіпті бөліктердегі акваторияларға бақылау жүргізілді, 596 рейд және патрульдеу ұйымдастырылды; БАҚ-пен байланыс бойынша радиодан -38 сөз сөйлеу, 17 телеарнадан сөз сөйлеу, 21 мақала жергілікті басылымдарға шығарылды.
Облыс аумағында ТЖ болдырмау мақсатында 13 билборд орнатылды. Судағы қауіпсіздік мақсатындағы профила
ктикалық шаралар бойынша тапсырмаларды орындау барысында «Халықты еңбекпен қамту орталығынан» 32 адам қоғамдық – еріктілер бөлінді, олар күнделікті Маңғыстау облысы ТЖД «ЖҚЖ» ММ-нің құтқарушыларымен бірігіп үгіт-насихат жұмыстарын, демалушылармен әңгімелесу жүргізіп, жадынамалар мен буклеттер тарқатты.
Оқушыларды жүзу тәсіліне үйрету бойынша балалар лагерлерінде байқаулар, «Жазғы мезгілдегі су айдындарында демалу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында викториналар өткізілді. Балаларға құтқарушылардың техникасы және құралдары көрсетілді, балалар жүзу тәсілдеріне үйретілді. Ағымдағы жылы барлығы 1671 бала жүзуге үйретілді (2015ж. - 1356).
Көлік инспекциясымен және «Қазақстан – Ақтау» телеарнасымен кішігірім кемелердің және басқа да да жүзу құралдары басшыларының қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша үнемі біріккен рейд жүргізіліп отырады; кезекшілік кестесі бойынша қауіпті жерлерге құтқару посттары ұйымдастырылды; автомобильді құлақтандыру бойынша халық ақпараттандырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында –телеарналардан халыққа судағы қауіпсіздік ережесі жеткізіледі (бейнеролик көрсетіліп тұрады), сонымен қатар ТЖД қызметкерлері демалыс және мереке күндері де жағажайда демалушыларға жадынама, брошюралар және буклеттер таратты. Суға түсу маусымында 12000 жадынама және буклет таратылды.
Жоғырыда көрсетілген профилактикалық және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс-шаралар алдыңғы жылмен салыстырғанда адамдардың суда қаза болуының төмендеуіне әсер етті».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему