Ақтаулық полици я қызметкерлері психологиялық тренингтен өтті
22 Августа 2016 (17:29) | 2467 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің маманы Шолпан Юлдашеваның хабарлауынша, жыл басынан бері облыстық ішікі істер Департаментінің жергілікті полиция қызметінің ЖППБ қызметкерлерімен психодиагностикалық жұмыстар үнемі (оның ішінде қызметке деген қабілеттілігін, кадрларды психологиялық іріктеу, психологиялық көмек көрсету, жас мамандарды бейімдеу, психологиялық тұрақтылығын жоғарылату, қызметкерлердің өзіндік ерекшелігін дамыту, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалын жақсарту, деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, кадр резервімен жұмысты психологиялық қаматамасыз ету, қызметкерлерге және жанұя мүшелеріне кеңес беру) жүргізілуде.
Бахадірова Гүлшара МО ІІД ЖПҚ ЖППБ инспектор-психологы:
- Аталған іс-шара барысында сұхбаттасу, маңызды жағдайда бақылау, қызметіндегі тұрақтылығымен танысу, тестілеуден өткізу т.б.
Психодиагностиканың қорытындысы бойынша қызметкерлермен әрі қарай өткізілетін іс-шараларға жоспар жасақталады.
Жоспардың бірінші бағыты оқыту сабақтары болып табылады яғни, қызметкерлердің экстремалдық жағдайда қызметін алып жүруді, келіссөз жүргізуді психологиялық қамтамасыз етуді, кепілге алған жағдайда немесе террористік кауіп төнгенде, қылмыскерлердің психологиялық портретін жасақтауды, жеке алдын алу жұмыстарын орындауды үйрету.
Екінші бағыты - психологиялық кеңес беру, яғни қызметкерлерге және жанұя мүшелеріне қиыншылықтардың туындауының бірден бір себебін өзі танып білуді, психологиялық проблемаларды талқылап, өз шешімін қабылдауда нақты көмек көрсету. Өткізілген іс-шаралар жеке және топтық кеңес арқылы жүзеге асырылды.
ІІД Баспасөз қызметінің маманы Шолпан Юлдашеваның мәлімдеуінше, «Үшінші бағыт бойынша психологтар бөлініс басшыларымен бірлесе отырып жеке құрам арасындағы жағымсыз жағдайларды болдырмауды, тәуекел тобына жататындарды уақытылы анықтауда, психологиялық алдын-алу жұмыстарын жүргізуде.
Төртінші бағыт психокоррекция жұмыстары болып табылады, яғни жеке тұлғаға психологиялық тұрғыдан (стресстік жағдайда, т.б.), әсер ету арқылы жағымсыз тенденцияны жою.
Психолгтардың үнемі жүргізілген жұмыстары нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 ай ішінде өзін-өзіне қол жұмсау, яғни суицид фактілері орын алған жоқ».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему