Достық дәнекері
Курс валют в Актау
на 24/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
24 Ноября, 15:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Достық дәнекері

2 Июня 2015 (09:53) | 2085 | Автор: Нұрганым Имашева

Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің өзара экономикалық және саяси байланысы жоғары деңгейде. Түбі бір түркі тілдес екі елдің мәдениеті мен әдебиеті де қатар дамыған. Қос мемлекеттің тарихи тамыры да ортақ. Бауырлас екі елдің тілі мен салт-дәстүрі де жақын. Көрші мемлекетте 28 мамыр Әзірбайжан Республикасының күні деп белгіленген. Осыған орай, Әзірбайжанның Ақтаудағы Бас консулдығы арнайы салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Шараға облыс әкімі Алик Айдарбаевпен қатар, маңғыстаудың құрметті азаматтары мен қоғам қайраткерлері және өлкедегі дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері қатысты.

 

Тарихтан белгілі, 1918 жылдың 28 мамырында Әзірбайжан елі өзін демократиялық мемлекет деп жариялады. Ал 2008 жылы Қазақ елінің бастамасымен Қазақстанда Әзірбайжан консулдығы құрылған болатын. Содан бері 7 жыл бойы қос мемлекет өзара дипломатиялық әріптестік орнатып, экономикалық-саяси әрі мәдени тығыз байланыста.

 

Шығыстағы тұңғыш демократиялық-парламенттік мемлекет-Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылғанына 97 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға мәртебелі мейман-әйгілі Альфред Нобельдің ағасы Людвигтің (Бакудегі Нобель мұнай компаниясының және Санкт-Петербургтегі Нобельдер өнеркәсіптік империясының құрушысы) шөбересі Филипп Нобель арнайы келіп, қатысты.

 

Құрметті қонақ Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевты «Нобельдер мұрасы Қорының» естелік медалімен марапаттады. Әзірбайжанның Ақтаудағы Бас консулы Рашад Маммадов: «Аймақ басшысына бұл марапатты жасау-«Әзірбайжанның Қазақстандағы бизнес және инвестиция Ассоциациясы» (АБИА) және Әзірбайжан Республикасының Ақтаудағы Бас консулдығының қолдаған бастамасы болатын»-деп атап өтсе, Филипп Нобель: «Жыл сайын бұл награда Нобельдер отбасы және «Мұра Қорының» бірлескен шешімімен беріледі»,-деп мәлімдеді.

 

-Бұл награда Маңғыстау облысының әкіміне аймақтағы мұнай өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр. Өздеріңізге тарихтан белгілі жайт, 1899 жылы біздің атақты бабамыз Альфред Нобель Қарашүңгүл кенішінде бұрғылаған ұңғымадан алып мұнай бұрқағы атқылаған болатын. Осы оқиға Қазақстанның мұнай державасы атануына жол ашты. Мен үшін бұл зор мақтаныш,-деді Филипп Нобель.

 

Сонымен қатар салтанатты жиында екі елдің қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар қоғам қайраткерлері мен аймақтың айтулы азаматтары Бас Косулдықтың Құрмет Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Сондай-ақ кеште өлкеге танымал қаламгер, журналист Наталья Задерецкаяның «Өмір-мәңгілік жол» атты туындысының тұсаукесері болды. Түркия елінде басып шығарылған кітапта Маңғыстаудың өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан, Маңғышлақ аумақтық-өнеркәсіптік кешені құрылысының белсенді қатысушысы, «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің, сонымен қатар «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, мерейлі 80 жасын атап өткен-Джамиль Габибов ақсақалдың өнегелі өмір жолы суреттелген.

 

Джамиль Ядуллаоглы Маңғыстау облысының белсенді қоғам қайраткері. Ақтау қаласы әкімі жанындағы жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияның мүшесі және Маңғыстау облысының балалардың құқығын қорғау Департаментінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, әрі облыс әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі бола жүріп, аймақтың әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға өзінің қомақты үлесін қосуда.

 

Оның адамдарға қызмет ету сынды ізгі мұраты ҚР басшылығы тарапынан жоғары бағаланған. Джамиль Ядуллаоглы Габибов «Ақтау қаласының Құрметті азаматы» деген атақпен, «Достык» орденімен, «Еңбек ардагері», «Қызметі туралы естелік», КСРО маршалы Г.Жуковтың «Ерлігі және Отанға деген махаббаты үшін», «ҚР Конституциясына-10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне-10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Маңғыстау облысына-35 жыл», «Маңғыстау облысына-40 жыл», «Ақтау қаласына-50 жыл», «Халық келісімі» ҚБ-20 жыл» медальдерімен және көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталған.

 

Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас Консулы, І дәрежелі Төтенше және Өкілетті елші РАШАД ЭЙНАДДИН МАММАДОВ:

 

-Өз халқының даңқын арттыру жолында адал еңбек етіп жүрген отандастар мақтан тұтуға лайық. Олар қандай жағдай болса да өздерінің тарихи отанымен байланысын үзбейді-оларға құрмет көрсету, жастарға үлгі қылу мақсатында осындай әзірбайжан азаматтары туралы кітаптар жазылуда. Джамиль Ядулла оглы Габибовтың ерен еңбегін Каспийдің қос жағалауындағы отандастары жоғары бағалап отыр,-деді кітаптың таныстырылмын жасау кезінде сөйлеген сөзінде.

 

«Джамиль Габибов. Өмір-мәңгілік жол» кітабында Қазақстанның және Әзірбайжанның әйгілі адамдары, саяси және қоғам қайраткерлері, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары түрлі конфессиялар өкілдерінің арасындағы достықтың дәнекершісіне айналған Джамиль Ядуллаоглы Габибов туралы жылы лебіздерін білдірген.

 

ГҮЛЖАН МАҚСҰТҚЫЗЫ ИСМУРЗИНА, Маңғыстау облысының ҚР халық Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі:

 

-Джамиль Ядуллаоглы-«Халық келісімі» Қоғамдық Бірлестігінің абыз ақсақалы. Ол терең парасатты, тәрбиелі адам ретінде өзімен әңгімелескен барлық адамды да, мейлі ол өзінен жасы кіші болса да, сіз деп, аты-жөнімен атайды. Оның бұл қасиеті ол кісіге де үлкен құрмет көрсетіліп, айырықша көңіл бөлінуі тиіс екенін ұқтырғандай. Джамиль-аға-нағыз Қазақстанның азаматы. Ол өз өмірінің тұрағы және балаларының туған бесігіне айналған киелі жерді шын жүрегімен қабылдады. Ол қазақ шапанын мақтанышпен киеді әрі өзін зор мақтаныш сезіммен ҚАЗАҚСТАНДЫҚПЫН деп атайды. «Халық келісімі» Қоғамдық Бірлестіктің жаңа кеңсесін ашу құрметі Д.Я. Габибовке лайықты түрде тапсырылуы тектен-тек емес,-десе,

 

ЭЛЬДАР ГЮНАЙДЫН, Гейдар Алиев атындағы «Әзірбайжан-Қазақстан» достық

 

Қоғамының президенті:

-Мен Америкаға бара қалып жатсам, ол жақта Джамиль ағаны білетін адамды кездестіретін сияқтымын. Д.Я.Габибов-дегеніңіз жылдан-жылға кеңейе түсетін үлкен әлем. Оның құшағы жаңа достары үшін қашан да ашық. Осының өзі оның танымалдығы мен жалпыхалықтық махаббатқа ие екенінің құпиясы болса керек»,-деді

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему