Жедел әрекет ету ісі нәтижелі аяқталды!
12 Августа 2016 (14:08) | 2768 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық Ішкі істер Департаментінің Баспасөз қызметінен (Мемлекеттік тіл және ақпара бөлімі) келіп түскен хабарламаға сай, 02.08.2016 жылы сағат 10:00 шамасында Аташ кентініңтұрғыны Түпқараған аудандық ІІБ-не келіп, 1943 жылы туылған әкесінің жоғалып кеткені жөнінде арызданған.
Яғни, 31.07.2016 жылысағат 23.00 шамасындаФорт-Шевченко-Таушықтасжолының 30 шақырымындаорналасқанмалауылданшығыпкетіп, қайтыпоралмаған.
- Осы хабарлама бойынша Түпқараған аудандық ІІБ, ЖПҚ-мен жедел тергеу тобы құрылып, аудан әкімінің ұйымдастыруымен Баутин кентінде орналасқан 2201 Б әскери бөлімінен 1 автокөлік 10 жауынгер, Түпқараған аудандық әскери комиссариаты және төтенше жағдай бөлім қызметкерлерімен 7 топ құрылып, із-түссіз жоғалған азаматты іздестіру шаралары жүргізіліп, жедел әрекет ету нәтижесінде 02.08.2016 жылы сағат 16:30 шамасында Форт-Шевченко қаласынан 47 шақырым жерде орналасқан «Жығылған» жерінен жоғалған азамат аман табылып, үйіне жеткізілді,-деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Ішкі істер Департаментінің Баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему