Заңсыз бекіре балығын сатқандар ұсталды
20 Ноября 2015 (14:50) | 1541 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысыІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашеваның хабарлауынша: «03.11.2015ж. сағат 03:40 шамасында «Ақтау-Жаңаөзен» тас жолының 76 шақырымында Жаңаөзен қаласы, тұрғыны, 1961ж.т., аз. «Е» басқаруындағы м/б «Daewo Gentra» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде автокөліктің артқы жүк салғышынан 22-дана, жалпы салмағы 60 кг, бекіре тұқымдас балығы табылды. Аталған «Бекіре» тұқымдас балықтарының көлік жолаушысы Ақтау қаласы тұрғыны, 1991ж.т., аз. «Р»-ға тиесілі екендігі анықталып және тәркіленіп алынды.
Жинақталған жадығат ІІД-де тіркеліп ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
03.11.2015ж. сағат 09:30 шамасында «Ақтау-Ф.Шевченко» тас жолының 28 шақырымында Түпқараған ауданы, Ф.Шевченко қаласы тұрғыны, 1974 ж.т., азамат «М»-ның басқаруындағы «Лада Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде автокөліктің артқы жүк салғышынан 11-дана, жалпы салмағы 28 кг., бекіре тұқымдас балығы табылды. Аталған «Бекіре» тұқымдас балықтары Ф.Шевченко қаласы тұрғыны, .1974 ж.т., азамат «Б»-ға тиесілі екендігі анықталды.
Жинақталған жадығат ІІД-де тіркеліп ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
08.11.2015ж. сағат 17:40 шамасында Ақтау қаласы 5 ш/а орналасқан «Волна» сауда орталығының қасында «Hyundai Sonata» маркалы автокөлігінің ішінде 12-дана (33кг) «Бекіре» тұқымдас балықтарын сатып тұрған жерінен Ақтау қ., 22 ш/а тұрғыны, 1963ж.т., азамат «Д» анықталып, ұсталды.
Жинақталған жадығат ІІД-де тіркеліп ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
12.11.2015ж. сағат 00:05 шамасында Мұнайлы ауданы «Атамекен селосы Ынтымақ көшесі бойында Мұнайлы ауданы Атамекен селосы 1983 ж.т., азамат «М»-ның басқаруындағы «Део Нексия» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында артқы жүк салғышынан 8-дана (29кг) басы, құйрығы кесілген «Бекіре» тұқымдас балықтары табылып, тәркіленіп алынды.
Жинақталған жадығат Мұнайлы АІІБ-де тіркеліп ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Табиғат қорғау полиция бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты Таганиязов Несібек:
- Барлық заңсыз«Бекіре» тұқымдас балықтарын аулайтын азаматтар міндетті түрде заң аясында жауапкершікке тартылатын болады. Сонымен қатар көлікпен тасымалдау кезінде жүргізуші заңсыз балық тасымалдап бара жатқан жолаушыны біле тұра апарып жеткізіп тастау қызметін көрсететін болса, сыбайлас болып табылатындықтан, жүргізуші де жауапкершілікке тартылатынын ескертемін!
Бұл жөнінде шұғыл түрде қандай да бір ақпарат білетін болсаңыздар 102 байланыс телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!-дейді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему