Маңғыстау тұрғындары қосымшаны жалақы қорын тексеру үшін пайдалана алады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 10:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау тұрғындары қосымшаны жалақы қорын тексеру үшін пайдалана алады

16 Июля 2021 (16:33) | 1034 | Автор: Редакция

Қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша  жалақы, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді аударғанын тексере алады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді деп хабарлайды.

Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады.

Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Бастапқы кезеңде, жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

МКД «E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» - тен жүктеуге болатынын еске салады.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему