Батыр ауылында 4 пәтерлі 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі
13 Октября 2021 (16:49) | 1645 | Автор: Редакция
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылының 10 жылдығы мерекеленеді. Осы орайда Батыр ауылында салынып жатқан 4 пәтерлі 20 тұрғын үй жыл соңында қолданысқа берілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлім етті.
Оның айтуынша, 80 пәтердің кілті көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасыларға кезек бойынша беріледі.
«Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Инженерлік желілер толық тартылған. Аулаларды аббаттандыру жұмыстары қалды. Жақын арада 80 отбасы қуанышқа кенеліп, баспаналы болады деп жоспарлап отырмыз», - деді Рахат Елтизаров.
Жаңа пәтерлер 2 бөлмеден тұрады. Бір баспана шамамен 65 шаршы метрді құрайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему