Маңғыстауда қыс мезгіліне дайындалған мал азығы 67 330 тоннаны құрайды
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 03:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда қыс мезгіліне дайындалған мал азығы 67 330 тоннаны құрайды

23 Декабря 2020 (11:49) | 2708 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» ӘКК арқылы мал азығының 500 тонна қоры жасақталған.

 

 

Қазір 235 тоннасы Жаңаөзен қаласы, Қарақия, Маңғыстау мен Түпқараған ауданына жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 350 тонна алдағы күндері жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев мәлім етті.

 

Оның айтуынша, мал азығының бағасы 68 теңге. Жыл соңында болатын мәслихат сессиясынан қосымша жемнің қорын жасақтау үшін тағы 54 млн теңге қарастырылады.

 

«Биыл жердің қолайсыз, шабындыққа жарамсыздығына байланысты барлық көлемде шөптің көлемі – 34 971 тонна. Жергілікті 22 шөп шабу бригадасы еңбегінің арқасында жайылымдықтан 7770 тонна шөп шабылған. Қалған 27 201 тонна шөп өзге облыстардан тасылмалданды.  Өзге облыстардан және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы – 32 359 тоннаны құрады. Бүгінгі күні, шаруашылық қоймасы мен тиісті қорларда – 10 723 тонна жем сақтаулы. Облыста жем қор жеткілікті және қол жетімді бағада сатылуда»,- деді МО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев.

 

МАЛ АЗЫҒЫ БАҒАСЫ

 

1 түк шөп бағасы 700-900 теңге.  Рулон шөп бағасы 13 000 тг.

 

Жоңышқа 1500 теңге. 20 кг жемнің бағасы 1300 теңге (1 кг- 65 теңге). 

 

Арпа- бидай қоспасы- 3000-3500 теңге. Бидай – 3800 теңге.

 

Мал азығы бойынша қала, аудандағы жауапты операторлардың байланыс нөмірі: 

 

Маңғыстау ауданы – 87083703100 - Түпқараған ауданы – 87752136373

 

Қарақия ауданы – 87025616200 - Жаңаөзен қаласы – 87027980475

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему