Спортшылар жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Спортшылар жүлдемен оралды

4 Октября 2019 (15:00) | 1996 | Автор: Редакция

28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Шымкентте ұлттық компания қызметкерлері арасында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ның ХІХ Спартакиадасы өтті. Мамандар спорттың 9 түрі: баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, мини-футбол, бадминтон, армреслинг, жеңіл атлетика және бильярд бойынша бақтарын сынады. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы да осы жарыстарға қатысып қайтты.

 

 

ХІХ спартакиаданың қорытындысы бойынша МАЭК командасы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның спортшыларына ғана есе жіберіп,жүлделі II орынға ие болды. Үшінші орын «ЮГХК» ЖШС-ніңкомандасына бұйырды.Комбинат спортшылары барлығы 21 медаль алды(4 алтын, 5 күміс, 12 қола).  Шымкенттің орталық стадионында өткізілген спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміндежүлдегерлермен қатар жарыстың үздік ойыншылары да марапатталды.

 

Олардың қатарында мини-футболдан турнирдің «үздік бомбардирі» атанған комбинаттың футбол командасының шабуылшысы Мейрам Ешжанов,баскетбол бойынша МАЭК командасының ойыншысы Сергей Сергеенкобар.

 

 

МАЭК командасының спортшылары бұл Спартакиадада қуанышты да, көңілсіз  сәттерді бастан өткізді. Жарақат алғандар да жоқ емес. Баскетбол командасының капитаны Валид Сұлтанов және футбол қақпашысы Евгений Медовской ойын кезінде жарақат алып, одан арғы ойындарға  қатыса алмады. 

 

Дегенмен, энергокомбинаттың өкілдері басқа да спорт түрлерінде лайықты ойындарымен көзге түсіп, көрермендердің  ризалығына бөленді.

 

 

Комбинат ұжымы жүлдегерлерді Ақтау әуежайына арнайы барып құттықтап,  ән-жырмен қарсы алды.

 

Спартакиаданың барлық қатысушыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңімпаздар тұғырынан түспей, жетістіктерге жете беріңіз демекпіз.

 

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter