Грузияда қола жүлдегер атанды
28 Ноября 2017 (11:17) | 1770 | Автор: Нурганым Имашева
Облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуаны Мұхамбет Зұлхарнаев Грузияда дзюдодан өткен халықаралық жарыста жеңіске жетіп, аймақ абыройын асқақтатты. Самбодан Әлем және Европа кубогының жеңімпазы Вадри Квавилашвилидің жүлдесіне арналған жарыс биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отыр. 500-ден астам спортшы қатысқан халықаралық додада +90 келі салмақта белдескен жерлесіміз Мұхамбет Зұлхарнаев қола медальді еншіледі.
-Халықаралық жарыс 2001-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Бәсекеге Грузия, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия мемлекеттерінің спортшылары қатысты.
Бұл жолы еншімізге бұйырғаны қола медаль болды. Жарыстан бөлек балуандарымыз Грузияның Гори қаласында өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберліктерін шыңдауда. Бұл қалада дзюдо мен самбо күресі жақсы дамыған. Дәл осы Гори қаласынан 7 Олимпиада және 30-дан астам Әлем чемпиондары шыққан.
Сондықтан да сол чемпиондардың жеңісті жолдары біздің спортшыларымызға да жұғысты болсын деген ниетпен оқу-жаттығу жиындарын Горида өткізгенді жөн санадық.
Жалпы, жас балуандарымызды шыңдап отыру мақсатында біз әр мемлекетте ұйымдастырылатын оқу-жаттығу жиындарына жиі қатысып тұрамыз.
Бұл жолы он күн бойы спортшыларымыз нағыз майталман мамандардан дәріс алып, біраз тәжірибе жинақтайтын болады. Спортшылар күнде ерте тұрып жаттығу жасап, тауға шығып, шынығуда.
Бос уақыттарында тарихи орындарды аралып, грузиндердің салт-дәстүрімен, тарихымен жақын танысуда,-дейді бізбен Грузиядан телефон арқылы тілдескен облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему