«Наурыз мейірі» қайырымдылық шарасы Жаңаөзенде жалғасты
2 Апреля 2017 (15:28) | 1969 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысы әкімінің бастамасымен аймақ бойынша «Наурыз мейірі» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Игі шара Жаңаөзенде жалғасты. Шаһардағы «Ауған соғысы ардагерлерінің» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық қоймасы арқылы «Халықтан халыққа» ұранымен жүз отыз бес мүжәлсіз отбасын киім-кешекпен қамтып отыр. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлады.
Бағила Нұраева екінші топтағы мүгедек. Зейнеткер бүгінде екі бірдей мүгедек баласын жалғыз өзі бағып отыр. Отбасы мүшелеріне қажетті киім кешектерді үнемі қайырымдылық қоймасынан алады. Бүгін де немересімен келіп, маусымдық жұқа киімдер таңдап кетті.
Бағила Нұраева - Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
-Облыс әкіміне, Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігіне рахмет. Жетімдерге, мүжәлсіз отбасыларға, мүгедектерге киім кешек, тамақ беріп, ақшалай көмек көрсетіп жатқандарына мың алғыс.
Қоймада қала тұрғындары әкелген су жаңа және киілген аяқ киім, көйлек, күртешелер мен тұрмыстық бұйымдар да табылады. Арнайы тіркеу журналы да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көбінесе мектеп жасындағы балаларға арналған маусымдық киім кешектерге сұраныс жоғары екен.
Сәтбай Құлсариев – «Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ төрағасы:
-Біздің еліміз, біздің азаматтар қайыршылық сұрап жатқан ештеңесі жоқ. Бірақ біз көмектесуіміз керек. Міндеттіміз соған. Біз осы елдің азаматымыз.
Қалалық ардагерлер үйінде орналасқан қайырымдылық қоймасы жұмыс күндері кешкі алтыға дейін ашық болады. Қазір ауған ардагерлеріне ерікті жастардың көмегі қажет. Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің демекші, сіз де қадірлі ағайын «Наурыз мейірі» акциясына атсалысып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріңіздер.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему