«Жыр- менің жалғыз тарланым» атты Фариза Оңғарсыноваға арналған еске алу кеші өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 03:41
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

«Жыр- менің жалғыз тарланым» атты Фариза Оңғарсыноваға арналған еске алу кеші өтті

11 Марта 2014 (10:43) | 10483 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованы еске алу шарасы ұйымдастырылып, «Жыр- менің жалғыз тарланым» атты кеш өтті. Кешке ҚР білім беру ісінің үздігі Ордалы.Қосай, ақын Ақшагүл Рамазанова, журналистер Қолғанат Нұржаубаев пен Маңдайлы Қосымбай, Мұнайлы аудандық газетінің журналисі Үміт Жәлеке, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымының кандидаты Сүлеймен Бердәулетов, зейнеткер мұғалім Нағима Қалшабекқызы, сондай-ақ, Болашақ колледжі, Маңғыстау гуманитарлық колледжі студенттері мен ақын жырына сусындаған оқырмандар қатысты.

 

Қазақ поэзиясында ойып тұрып орын алған, барша қазақты өз өлеңімен тамсандырған, сазгерлерге ән салдырған, туралығымен турап түсер мінезі бар, қара домбырада қалықтай күй шертіп, қаймана қазақтың қыздары қай жағынан да мықты екенін таныта жүрген, бір қазақтың емес, бар қазақтың қызы атанған Фариза апамыз дүниеден өткенде барша қазақ даласы күңіренді.

 

Кеш барысында ақын туралы естеліктер айтылып, студенттер өлеңдер оқыса, Маңғыстау колледжінің студенті Амангелді Рысбайдың ақын өлеңдерін оқудағы шеберлігіне барлық оқырман риза болды. Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаевтың «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты әнін Абыл атындағы балалар өнер мектебінің ән-терме сыныбының мұғалімі Таңсұлу Мұсаева орындап, атыраулық жас ақын Бақытгүл Бабаштың сөзіне жазылған сазгер Роза Әлқожаның «Фариза апа» әні ақын өмірінен сыр суреттерден дайындалған бейне-слайдпен бірге кеш қонақтарының назарына ұсынылды.

 

Шараға қатысқан белгілі ақын Ақшагүл Рамазанова: «Фариза апайды жас ұрпақ білуі керек. Апамыздың қандай адам болғаны жайлы айтылып жатыр, жастар ақын апамыздың өлеңдерін оқып, білуде. Болашақта жастардың арасынан мықты ақындар, білімді профессорлар шығады деген сенімдемін»,-деп өз ойымен бөлісті.

 

Осы кешке орайластырылып «Қанатты жырдың қарлығашы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның кітаптары мен мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген шығармалары және ақын туралы естеліктер қойылды.

 

Шараны жүргізген облыстық әмбебап кітапхананың әдіскер-кітапханашысы Динара Қожанова: «Бұл кешті өткізудегі біздің басты мақсатымыз-Фариза Оңғарсынованың өшпес шығармаларын тағы бір рет оқырманның, жалпы халықтың есіне салып, жалынды жырларын жастар арасында насихаттау»,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему