ИПН при продаже автомобиля: когда у физлица возникает доход от прироста стоимости и сколько нужно заплатить
5 Ноября 2026 (11:02) | 1
|
Автор: Редакция

Фото: inbusiness.kz
Департамент государственных доходов по Мангистауской области информирует, что с 1 января 2026 года в Казахстане действует новый Налоговый кодекс. При продаже автомобиля физическим лицом налог платится не всегда и не со всей суммы сделки — только с положительной разницы между ценой продажи и первоначальной стоимостью (доход от прироста стоимости). Разберём основные правила простым языком.
Когда возникает обязанность платить ИПН
Доход от прироста стоимости образуется, если одновременно выполняются условия:
- Автомобиль (механическое транспортное средство или прицеп), зарегистрированный в Казахстане, находился в собственности менее одного года с даты государственной регистрации.
- Машину продали дороже, чем купили (или чем определена первоначальная стоимость).
Если владели автомобилем на казахстанском учёте год и более — дохода от прироста стоимости не возникает, налог платить не нужно, даже если продали с прибылью.
Для транспорта, зарегистрированного за рубежом, а также воздушных и морских судов срок владения значения не имеет — налог с прироста может возникнуть в любом случае (при положительной разнице).
Если продали по той же цене или дешевле — дохода нет и налога нет.
Как рассчитывается налог
Налогом облагается только положительная разница (цена продажи − первоначальная стоимость), а не вся сумма сделки.
Ставки ИПН (статья 363 Налогового кодекса):
- 10 % — на доход до 8 500 МРП включительно;
- 15 % — с суммы превышения этого порога.
В 2026 году 1 МРП = 4 325 тенге. Порог 8 500 МРП ≈ 36 762 500 тенге.
Пример. Купили машину за 10 млн тенге, через 8 месяцев продали за 12 млн. Прирост = 2 млн тенге. ИПН = 2 млн × 10 % = 200 тыс. тенге. Налог считается только с этих 2 млн, а не с 12 млн.
Расходы на ремонт, обслуживание и тюнинг налогооблагаемый доход не уменьшают. Для импортированных автомобилей в первоначальную стоимость обычно включаются уплаченные таможенные платежи (пошлины, НДС, акцизы, утильсбор) — при наличии подтверждающих документов.
Если автомобиль получен в наследство или в дар
Для наследства первоначальная стоимость определяется как рыночная на дату возникновения права собственности. Её нужно подтвердить отчётом независимого оценщика. Сохраняйте договор купли-продажи, отчёт об оценке и другие документы, подтверждающие стоимость.
Сроки подачи декларации и уплаты
Если возник налогооблагаемый доход, физическое лицо самостоятельно:
- подаёт декларацию о доходах и имуществе по форме 270.00 не позднее 15 сентября года, следующего за годом продажи;
- уплачивает ИПН в течение 10 календарных дней после истечения срока подачи декларации (ориентировочно до 25 сентября).
Пример: продажа в 2026 году → декларация до 15 сентября 2027 года, уплата до 25 сентября 2027 года.
Подавать декларацию только по факту продажи автомобиля (если дохода не возникло) не требуется. Форму можно подать через электронные сервисы Комитета государственных доходов. По вопросам расчёта и заполнения можно обратиться в орган государственных доходов по месту жительства.
Несвоевременная подача и уплата могут повлечь штрафы и пеню.
Важные практические моменты
- Правила касаются продажи личного имущества. Если автомобиль используется в предпринимательской деятельности и числится на балансе ИП или ТОО — применяются другие правила налогообложения.
- Занижать стоимость в договоре купли-продажи невыгодно и рискованно: при следующей продаже налоговая база может вырасти, а выявленное занижение создаёт дополнительные риски.
- Систематическая перепродажа автомобилей может квалифицироваться как предпринимательская деятельность (вплоть до уголовной ответственности по соответствующим статьям УК РК при определённых условиях). Разовая продажа личного имущества сама по себе таким признаком не является.
Итог простыми словами. Продали машину на казахстанских номерах через год и больше — налога нет. Продали раньше года и дороже, чем купили — платите ИПН только с разницы (обычно 10 %). Для иностранных номеров срок владения не спасает. Сохраняйте документы, считайте правильно и вовремя сдавайте декларацию по форме 270.00.
Автокөлікті сатқан кездегі ЖТС: жеке тұлғада құн өсімінен табыс қашан туындайды және қанша төлеу керек
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданылатынын хабарлайды. Жеке тұлға автокөлікті сатқан кезде салық әрқашан және мәміле сомасының барлығынан емес — тек сату бағасы мен бастапқы құн арасындағы оң айырмашылықтан (құн өсімінен табыс) төленеді. Негізгі ережелерді қарапайым тілде түсіндірейік.
ЖТС төлеу міндеті қашан туындайды
Құн өсімінен табыс мына шарттар бір мезгілде орындалса туындайды:
• Қазақстанда тіркелген автомобиль (механикалық көлік құралы немесе тіркеме) мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жылдан кем уақыт меншікте болған жағдайда.
• Көлікті сатып алған бағадан (немесе бастапқы құннан) қымбат сатқан жағдайда.
Қазақстандық есепте бір жыл және одан көп уақыт иеленсеңіз — құн өсімінен табыс туындамайды, пайдамен сатсаңыз да салық төлеу қажет емес.
Шетелде тіркелген көлік, сондай-ақ әуе және теңіз кемелері үшін иелену мерзімі маңызды емес — оң айырмашылық болса, өсімнен салық кез келген жағдайда туындауы мүмкін.
Сол бағаға немесе арзанырақ сатсаңыз — табыс жоқ, салық жоқ.
Салық қалай есептеледі
Салықпен тек оң айырмашылыққа (сату бағасы − бастапқы құн) ғана салық салынады, мәміле сомасының барлығы емес.
ЖТС мөлшерлемелері (Салық кодексінің 363-бабы):
• 10 % — 8 500 АЕК қоса алғанда табысқа;
• 15 % — осы шектен асатын сомаға.
2026 жылы 1 АЕК = 4 325 теңге. 8 500 АЕК шегі ≈ 36 762 500 теңге.
Мысал. Көлікті 10 млн теңгеге сатып алып, 8 айдан кейін 12 млн. теңгеге саттыңыз. Өсім = 2 млн теңге. ЖТС = 2 млн × 10 % = 200 мың теңге. Салық тек осы 2 млн. теңгеге есептеледі, 12 млн. теңгеден емес.
Жөндеу, қызмет көрсету және тюнинг шығындары салық салынатын табысты азайтпайды. Импортталған автокөліктер үшін бастапқы құнға әдетте төленген кеден төлемдері (баждар, ҚҚС, акциздер, утильсбор) енгізіледі — растайтын құжаттар болған жағдайда.
Егер автомобиль мұрагерлікпен немесе сыйға алынса
Мұрагерлік үшін бастапқы құн меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құн ретінде анықталады. Оны тәуелсіз бағалаушының есебімен растау керек. Сатып алу-сату шартын, бағалау есебін және құнды растайтын басқа құжаттарды сақтаңыз.
Декларацияны тапсыру және төлеу мерзімдері
Салық салынатын табыс туындаса, жеке тұлға өз бетінше:
• сату жылынан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады;
• декларацияны тапсыру мерзімі өткеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ЖТС төлейді (шамамен 25 қыркүйекке дейін).
Мысал: 2026 жылы сату → декларация 2027 жылғы 15 қыркүйекке дейін, төлем 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін.
Автокөлікті сату фактісі бойынша ғана декларация тапсыру (табыс туындамаса) талап етілмейді. Нысанды Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы тапсыруға болады. Есептеу және толтыру мәселелері бойынша тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгінуге болады.
Уақтылы тапсырмау және төлемеу айыппұл мен өсімпұлға әкелуі мүмкін.
Маңызды практикалық сәттер
• Ережелер жеке мүлікті сатуға қатысты. Егер автомобиль кәсіпкерлік қызметте пайдаланылса және ЖК немесе ЖШС балансында тұрса — басқа салық салу ережелері қолданылады.
• Сатып алу-сату шартында құнды төмендету тиімсіз және қауіпті: келесі сатуда салық базасы өсуі мүмкін, ал анықталған төмендету қосымша тәуекелдер туғызады.
• Автокөліктерді жүйелі түрде қайта сату кәсіпкерлік қызмет ретінде бағалануы мүмкін (белгілі бір жағдайларда ҚР ҚК-нің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке дейін). Жеке мүлікті бір реттік сату өздігінен мұндай белгі болып табылмайды.
Қарапайым сөзбен қорытынды. Қазақстандық нөмірлі көлікті бір жыл және одан көп уақыттан кейін саттыңыз — салық жоқ. Бір жылдан бұрын және сатып алғаннан қымбат саттыңыз — ЖТС-ты тек айырмашылықтан төлеңіз (әдетте 10 %). Шетелдік нөмірлер үшін иелену мерзімі құтқармайды. Құжаттарды сақтаңыз, дұрыс есептеңіз және 270.00 нысаны бойынша декларацияны уақтылы тапсырыңыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



