Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
Курс валют в Актау
на 10/09/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
10 Сентября, 20:47
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10 Сентября 2026 (12:52) | 1 | Автор: Редакция

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.

«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.

Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.

Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. 

С начала года в Казахстане появилось более 74 тысяч новых семей.

Каждое второе воскресенье сентября в Казахстане отмечают День семьи - праздник, призванный подчеркнуть важность семейных ценностей, взаимопонимания и поддержки. В преддверии этой даты Государственная корпорация «Правительство для граждан» представляет статистику регистрации браков в стране.

С января по август 2026 года в стране официально зарегистрировано 74 648 браков. Более половины из них пришлись на три летних месяца. Именно летом в Казахстане отмечается высокая активность регистрации браков.

«Функции РАГС были переданы госкорпорации 1 июля 2023 года. За это время наши сотрудники зарегистрировали около 400 тысяч браков и выдали свыше 1 миллиона свидетельств о рождении. За каждой такой услугой стоят важные события в жизни людей. Поэтому мы последовательно совершенствуем процессы, развиваем цифровые сервисы и стремимся к тому, чтобы получение государственных услуг было максимально удобным, комфортным и доступным для граждан»,- отметил Председатель Правления НАО Государственной корпорации «Правительство для граждан» Арман Кенжегалиев.

Семейные истории создаются во всех регионах страны, однако наибольшее количество регистраций браков приходится на крупнейшие города и густонаселенные области. Лидером стал Алматы - здесь официально зарегистрировано 12 344 семьи. На втором месте - Астана, где свои отношения оформили 9 074 пары, на третьем - Туркестанская область, где этот показатель составил 5 611.

Самым «свадебным» месяцем стал июнь - в этот период отношения официально зарегистрировали более 15 тысяч пар. В августе было зарегистрировано 11 761 брак, а в июле - 11 674. В общей сложности за лето в стране заключено более 38 тысяч браков, что составляет более половины от общего числа браков, зарегистрированных за восемь месяцев 2026 года.

Регистрация брака относится к государственным услугам в сфере регистрации актов гражданского состояния. Подать заявление на регистрацию брака можно непосредственно в регистрирующий орган, в электронном формате через портал электронного правительства, а также через мобильные приложения банков второго уровня.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему