Дербес менеджер: Маңғыстаудың 2 мыңға жуық тұрғыны мемлекеттік қызметтерді маманның жеке көмегімен алды
Курс валют в Актау
на 01/08/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
1 Августа, 07:05
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Дербес менеджер: Маңғыстаудың 2 мыңға жуық тұрғыны мемлекеттік қызметтерді маманның жеке көмегімен алды

31 Июля 2026 (12:32) | 1 | Автор: Редакция

2026 жылдың басынан бері Маңғыстау облысының 2 мыңға жуық тұрғыны «Дербес менеджер» қызметін пайдаланған. Оның ішінде 913 қызмет мамандандырылған ХҚКО бағыттары бойынша көрсетілген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы хабарлады. 

«Дербес менеджер» қызметі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді маманның жеке көмегімен алуға мүмкіндік береді. Менеджер құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңдерінен өтуге көмектесіп, қызмет алу процесін жеңілдетеді және уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. 

 Аталған қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарының фронт-офистерінде қолжетімді. Қызметті алу үшін азаматтар тіркеу орнына жүгініп өтініш беруі қажет. Одан кейін маман құжаттарды рәсімдеу барысында өтініш берушіге қажетті көмек көрсетеді. ХҚКО-дағы қызмет құны — 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-да — 6 306 теңге. 

Сонымен қатар орталыққа өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін дербес менеджердің үйге бару қызметі қарастырылған. Маманы алдын ала берілген өтінім бойынша келісілген уақытта және мекенжайға барып, қызмет алу процесін дайындап береді. Үйге шығу қызметінің құны — 7 447 теңге. 

Бұл қызмет уақытын бағалайтын және мемлекеттік қызметтерді жеке қолдаумен алуды қалайтын азаматтар арасында сұранысқа ие. Дербес менеджер өтініш беру процесін ұйымдастыруға және қажетті кезеңдерден ыңғайлы түрде өтуге көмектеседі. 

Қызметті рәсімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінуге немесе Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Азаматтарға арналған қызметтер» бөлімі арқылы дербес менеджердің үйге шығуына өтінім беруге болады. Сондай-ақ кеңесті 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндік бар. 

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған заманауи сервистерді енгізіп, мемлекеттік қызметтерді алу сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.    

Персональный менеджер: около 2 тысяч жителей Мангистауской области  получили государственные услуги с индивидуальным сопровождением  

По данным филиала НАО «Правительство для граждан» по Мангистауской области  сначала 2026 года  около 2 тысяч жителей региона воспользовались услугой «Персональный менеджер». В том числе 913 обращений были связаны с направлениями специализированного ЦОН. 

Сервис «Персональный менеджер» позволяет гражданам получать государственные услуги в удобном формате с сопровождением специалиста. Менеджер помогает пройти все необходимые этапы оформления документов, что позволяет сократить время ожидания и сделать процесс получения услуги более комфортным. 

Услуга доступна во фронт-офисах центров обслуживания населения. Для её получения необходимо обратиться на ресепшн, подать заявку на сопровождение, после чего специалист сопровождает заявителя при оформлении документов.Стоимость услуги в ЦОН составляет 5 697 тенге, в Специализированном ЦОНе—6 306 тенге. 

Также предусмотрен формат выезда персонального менеджера на дом для граждан, которые по различным причинам не могут посетить центр обслуживания населения. Специалист прибывает по предварительной заявке в согласованное время и место. Стоимость выездного обслуживания составляет 7 447 тенге. 

Услуга востребована среди граждан, которые ценят свое время и предпочитают получать государственные услуги с индивидуальным сопровождением. Персональный менеджер помогает организовать процесс обращения и пройти необходимые процедуры в максимально удобном формате. 

Оформить услугу можно, обратившись в ЦОН либо подав заявку на выезд персонального менеджера через официальный сайт Государственной корпорации в разделе «Услуги для граждан». Также получить консультацию можно через Единый контакт-центр 1414. 

Следует отметить, что Государственная корпорация развивает сервисы, ориентированные на потребности граждан и направленные на повышение качества предоставления государственных услуг.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему