Юные моряки ВМС Казахстана – в числе лучших на международном сборе «Айбын»
13 Июля 2026 (15:08) | 1
|
Автор: Редакция

Воспитанники военно-патриотического клуба «Жас теңізшілер» Военно-морских сил ВС РК стали призерами XII Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын», прошедшего в городе Щучинске. В общекомандном зачете они заняли III место среди 53 сильнейших команд.
На протяжении нескольких дней участники состязались в военно-прикладных, интеллектуальных и спортивных дисциплинах. По итогам сбора команда «Жас теңізшілер» завоевала I место в конкурсе по робототехнике Smart Sarbaz, II места в конкурсах «Айбын дарыны», по разборке и сборке автомата и подтягиванию на перекладине, III место в военной эстафете, IV место в перетягивании каната, а также удостоена приза зрительских симпатий конкурса военно-патриотической песни «Айбын жұлдызы».
Высокие результаты юные моряки показали и в личном зачете. Ученица школы-гимназии № 22 имени С. Кондыбая города Актау Камила Костромина удостоена почетного звания «Үздік жас сарбаз». Махаббат Амандык заняла первое место по разборке и сборке автомата, Амина Нурлыбаева стала серебряным призером в национальной игре «Бес асық», а Ануар Беккали установил абсолютный рекорд соревнований, выполнив 46 подтягиваний.
По возвращении команду поздравил командир военно-морской базы капитан 1 ранга Есенгали Байботаев. Он поблагодарил воспитанников клуба и их наставников за достойное представление Военно-морских сил Казахстана на международной арене и вручил заслуженные награды.
– Вы достойно представили Военно-морские силы Казахстана и доказали, что упорство, дисциплина и командный дух ведут к победе. Гордимся вами и уверены, что многие из вас продолжат славные традиции военных моряков, –отметил он.
Успех команды «Жас теңізшілер» стал достойным результатом многолетнего труда воспитанников и их наставников, еще раз подтвердив высокий уровень военно-патриотической подготовки казахстанской молодежи.
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жас теңізшілері – халықаралық «Айбын» жиынының үздіктері қатарында
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Жас теңізшілер» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Щучинск қаласында өткен XII халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі орынға ие болды. Олар 53 үздік команданың арасынан жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды жеңіп алды.
Бірнеше күнге созылған жиын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы, зияткерлік және спорттық сайыстарда бақ сынады. Нәтижесінде «Жас теңізшілер» командасы Smart Sarbaz робототехника байқауында І орын, «Айбын дарыны» шығармашылық байқауында, автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау, сондай-ақ белтемірге тартылу жарыстарында ІІ орын иеленді. Сонымен қатар әскери эстафетада ІІІ орынға, арқан тарту сайысында IV орынға қол жеткізіп, «Айбын жұлдызы» әскери-патриоттық ән байқауында көрермен көзайымы жүлдесіне ие болды.
Жас теңізшілер жеке есепте де жоғары нәтиже көрсетті. Ақтау қаласындағы С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушысы Камила Костромина «Үздік жас сарбаз» құрметті атағына лайық деп танылды. Махаббат Амандық автоматты толық емес шашып, жинау сайысында І орын иеленсе, Әмина Нұрлыбаева ұлттық «Бес асық» ойынында күміс жүлдегер атанды. Ал Әнуар Бекқали белтемірге 46 рет тартылып, жарыстың абсолюттік рекордын жаңартты.
Жарыстан оралған команданы Әскери-теңіз базасының командирі, І дәрежелі капитан Есенғали Байботаев құттықтап, клуб тәрбиеленушілері мен олардың жетекшілеріне Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің абыройын халықаралық деңгейде лайықты қорғағандары үшін алғыс білдіріп, марапаттар табыстады.
– Сендер Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін абыроймен таныстырып, табандылықтың, тәртіптің және командалық бірліктің жеңіске жеткізетінін дәлелдедіңіздер. Біз сендерді мақтан тұтамыз және болашақта әскери теңізшілердің даңқты дәстүрін жалғастыратын азаматтар шығатынына сенімдіміз, – деді.
«Жас теңізшілер» командасының жетістігі – тәрбиеленушілер мен олардың тәлімгерлерінің көпжылдық еңбегінің жемісі. Бұл жеңіс қазақстандық жастардың әскери-патриоттық даярлығының жоғары деңгейін тағы бір мәрте айқын көрсетті.
МО Актауского Гарнизона
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz












