Цифровизация финансирования здравоохранения: как Qalgan задает новые стандарты прозрачности
29 Мая 2026 (11:00) | 1
|
Автор: Редакция
Фонд социального медицинского страхования переходит от фрагментарной автоматизации к комплексной цифровой модели управления финансовыми потоками в здравоохранении.
Фото: Freepik.com
По поручению Главы государства и во исполнение поручения Премьер-Министра РК, формируется новая цифровая система Qalqan. Проект направлен на полную оцифровку деятельности Фонда, устранение технологических разрывов и исключение ручных операций, чтобы все ключевые решения в отрасли принимались исключительно на основе единых и достоверных данных.
Главная особенность Qalqan – размещение на современной технологической платформе в контуре Министерства финансов РК. Это позволило использовать готовые государственные IT-решения и обеспечить интеграцию без дополнительных расходов для бюджета системы здравоохранения. При этом платформа не является медицинской информационной системой, не вмешивается в лечебный процесс и не создает дополнительной административной нагрузки на врачей. Ее цель – обеспечение абсолютной прозрачности финансов, верификация услуг и жесткий контроль средств ОСМС.
«На текущий момент деятельность Фонда оцифрована лишь частично, что до сих пор сохраняло определенные разрывы в процессах и заставляло выполнять часть операций вручную. Платформа Qalqan – это наш переход на принципиально новый уровень: от простого учета отдельных операций к сквозному управлению расходами и их эффективностью. Мы создаем единую модель, которая свяжет медицинские информационные системы, бухгалтерские программы клиник и государственные источники. Это позволит нам внедрить уникальный инструмент «окрестрации бюджета» для оперативной корректировки тарифов и мгновенно видеть их влияние на бюджет. Но главное – система обеспечит полную персонификацию затрат на каждого конкретного пациента с выводом информации в его личные цифровые ресурсы», - подчеркивает Заместитель председателя правления ФСМС Индира Ерденова.
Пилотный запуск платформы Qalqan состоялся 16 марта 2026 года. На сегодняшний день в систему уже вовлечены все медицинские организации страны – это более 1700 клиник и около 5 000 соисполнителей. Сейчас идет этап их полной оцифровки: медицинские организации вносят в систему верифицированные сведения о своих лицензиях, инфраструктуре (производственных базах) и иных ресурсах, что формирует первую в стране единую и достоверную базу поставщиков медуслуг.
В рамках платформы Qalqan реализуются передовые инструменты контроля, которые станут основой для долгосрочного доверия к системе. В частности, для борьбы с приписками внедряется механизм подтверждения факта оказания медпомощи с помощью QR-кода. При этом используется привычная инфраструктура eGov и банков второго уровня, что гарантирует массовость инструмента без дополнительной нагрузки.
Платформа подключается напрямую к медицинским информационным системам (включая Damumed, МИС «Надежда» и др.). Сейчас завершается этап тестирования, что позволит получать первичные данные напрямую.
Параллельно ведется подключение внутренних бухгалтерских систем больниц (в том числе на базе 1С). На основе этих данных автоматизированный блок «тарифной экономики» будет рассчитывать реальную себестоимость каждой медицинской услуги.
Внедрение платформы Qalqan трансформирует финансовый контроль в медицине, делая его прозрачным как для государства, медицинских организайии, так и для каждого гражданина Казахстана.
Пресс-служба НАО «Фонд социального медицинского страхования»
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды цифрландыру: Qalqan ашықтықтың жаңа стандарттарын қалыптастырады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы қаржы ағындарын басқарудың кешенді цифрлық моделіне көшуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы мен ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау аясында жаңа цифрлық Qalqan жүйесі қалыптастырылуда. Жоба Қор қызметін толық цифрландыруға, технологиялық алшақтықтарды жоюға және қолмен орындалатын операцияларды болдырмауға бағытталған. Бұл саладағы барлық негізгі шешімдердің бірыңғай әрі сенімді деректер негізінде қабылдануын қамтамасыз етеді.
Qalqan платформасының басты ерекшелігі – оның ҚР Қаржы министрлігінің контурындағы заманауи технологиялық платформада орналастырылуы. Бұл дайын мемлекеттік IT-шешімдерді пайдалануға және денсаулық сақтау жүйесінің бюджетіне қосымша шығын түсірмей интеграциялауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, платформа медициналық ақпараттық жүйе болып табылмайды, емдеу-диагностикалық үрдісіне араласпайды және дәрігерлерге қосымша әкімшілік жүктеме түсірмейді. Оның негізгі мақсаты – қаржының абсолютті ашықтығын қамтамасыз ету, көрсетілген қызметтерді верификациялау және МӘМС қаражатына қатаң бақылау орнату.
«Қазіргі уақытта Қор қызметі тек ішінара цифрландырылған, бұл процестердегі белгілі бір алшақтықтардың сақталуына және кейбір операциялардың қолмен орындалуына әкеліп келді. Qalqan платформасы – біздің түбегейлі жаңа деңгейге өтуіміз: жекелеген операцияларды жай есепке алудан бастап шығындар мен олардың тиімділігін толық басқаруға дейінгі жол. Біз медициналық ақпараттық жүйелерді, клиникалардың бухгалтерлік бағдарламаларын және мемлекеттік дереккөздерді байланыстыратын бірыңғай модель қалыптастырып жатырмыз. Бұл бізге тарифтерді жедел түзетуге және олардың бюджетке әсерін бірден көруге мүмкіндік беретін бірегей «бюджетті оркестрлеу» құралын енгізуге жол ашады. Ең бастысы – жүйе әрбір нақты пациентке жұмсалған шығындарды толықтай дараландырып, бұл ақпаратты оның жеке цифрлық ресурстарына шығаруды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Ерденова.
Qalqan платформасының пилоттық іске қосылуы 2026 жылғы 16 наурызда өтті. Бүгінде жүйеге еліміздегі барлық медициналық ұйымдар – 1700-ден астам клиника мен шамамен 5 000 бірлесіп орындаушы тартылған. Қазіргі уақытта оларды толық цифрландыру кезеңі жүріп жатыр: медициналық ұйымдар жүйеге лицензиялары, инфрақұрылымы (өндірістік базалары) және өзге де ресурстары туралы верификацияланған мәліметтерді енгізуде. Бұл еліміздегі медициналық қызмет көрсетушілердің алғашқы бірыңғай әрі сенімді базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Qalqan платформасы аясында жүйеге деген ұзақмерзімді сенімнің негізіне айналатын озық бақылау құралдары енгізілуде. Атап айтқанда, тіркелмеген қызметтерді болдырмау үшін медициналық көмектің нақты көрсетілгенін QR-код арқылы растау тетігі енгізілуде. Бұл ретте eGov инфрақұрылымы мен екінші деңгейлі банктердің үйреншікті сервистері пайдаланылады, бұл құралдың қосымша жүктемесіз жаппай қолданылуын қамтамасыз етеді.
Платформа медициналық ақпараттық жүйелерге (оның ішінде Damumed, «Надежда» МАЖ және т.б.) тікелей қосылады. Қазіргі уақытта тестілеу кезеңі аяқталуға жақын, бұл бастапқы деректерді тікелей алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ауруханалардың ішкі бухгалтерлік жүйелерін (оның ішінде 1С базасындағы жүйелерді) қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы деректер негізінде автоматтандырылған «тарифтік экономика» блогы әрбір медициналық қызметтің нақты өзіндік құнын есептейтін болады.
Qalqan платформасын енгізу медицинадағы қаржылық бақылау жүйесін түбегейлі өзгертіп, оны мемлекет, медициналық ұйымдар және Қазақстанның әрбір азаматы үшін барынша ашық етеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



