Факты преднамеренного банкротства не остаются безнаказанными
22 Января 2026 (10:44) | 743
|
Автор: Редакция
Департамент государственных доходов по Мангистауской области информирует, что в последнее время участились случаи преднамеренного банкротства, когда компании, не справляясь с обязательствами или намеренно уклоняясь от их исполнения, через суд признаются банкротами. Однако сегодня такие действия не остаются безнаказанными.
Понятие преднамеренного банкротства закреплено в Законе Республики Казахстан «О реабилитации и банкротстве», согласно которому под ним понимается умышленные действия учредителя или должностного лица, а также индивидуального предпринимателя, направленные на уклонение от исполнения обязательств перед кредиторами, совершенные путем отчуждения или сокрытия имущества.
Признаками преднамеренного банкротства могут являться заключение заведомо невыгодных или фиктивных сделок, выведение активов, отказ от взыскания долгов, сокрытие и передача имущества, фиктивное увеличение задолженности, умышленное разрушение системы управления и учета, другие неправомерные действия.
Законодательством Республики Казахстан, а именно вышеуказанным Законом, Кодексом об административных правонарушениях и Уголовным кодексом Республики Казахстан предусмотрена персональная ответственность учредителей и должностных лиц.
Если установлено, что банкротство было преднамеренным, то контролирующее лицо в судебном порядке может быть привлечено к субсидиарной ответственности, то есть выплачивать долги компании придется из собственных средств.
Кроме того, субсидиарная ответственность возможна даже после завершения процедуры банкротства, если виновное лицо признано виновным по результатам административного или уголовного расследования.
По информации Комитета государственных доходов за 2024 - 2025 годы по результатам анализа по стране деятельности всех должников, находящихся в процедуре банкротства возбуждено 120 административных производств и более 44 уголовных дел по признакам преднамеренного банкротства компаний.
Теперь в планах органов государственных доходов использовать автоматизированные инструменты выявления признаков преднамеренного банкротства, анализ сделок, связей между компаниями и поведением должников, для чего начата активная работа по автоматизации процедур реабилитации и банкротства.
К примеру, бывший директор компании в Жамбылской области в 2024 году по приговору суда признан виновным в преднамеренном банкротстве, а уже в 2025 году суд взыскал с данного лица более 45 млн. тенге в пользу кредиторов за выведенные активы в виде денежных средств со счетов в банке перед признанием компании банкротом.
Данные случаи не единичны, только в 2025 году по стране подобных решений судов в отношении виновных лиц вынесено более 12, а с учетом внедрения автоматизированных процессов выявления неправомерных действий должников, органы государственных доходов ожидают рост эффективности направляемых материалов в правоохранительные органы за счет аналитической обоснованности и системной доказательной базы, соответственно увеличение количества направляемых исков в суд.
Таким образом, процедура банкротства перестает быть способом уклонения от ответственности для недобросовестных предпринимателей и становится действенным инструментом восстановления справедливости — механизмом, направленным на максимальное удовлетворение требований кредиторов за счёт привлечения виновных лиц к персональной ответственности. Сроки давности могут быть продлены, а финансовая и уголовная ответственность реальна.
Әдейі банкроттық фактілері жазасыз қалмайды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы уақытта міндеттемелерін орындай алмаған немесе әдейі орындаудан жалтарған компаниялардың сот арқылы әдейі банкрот деп танылу жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлайды. Алайда қазіргі таңда мұндай әрекеттер жазасыз қалмайды.
Әдейі банкроттық ұғымы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында бекітілген, оған сәйкес, әдейі банкроттық деп кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруға бағытталған, мүлікті жасыру немесе иеліктен шығару жолымен жасалған құрылтайшының, лауазымды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қасақана әрекеттері танылады.
Әдейі банкроттықтың белгілері ретінде әдейі тиімсіз немесе жалған мәмілелер жасасу, активтерді шығару, қарыздарды өндіріп алудан бас тарту, мүлікті жасыру немесе беру, берешекті жалған арттыру, басқару және есеп жүйесін қасақана бұзу, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттер танылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңнамасында, атап айтқанда жоғарыда көрсетілген Заңда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі көзделген.
Егер банкроттықтың әдейі жасалғаны анықталса, онда сот тәртібімен бақылаушы тұлға субсидиарлық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, яғни компанияның берешектерін өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті болады.
Сонымен қатар, егер кінәлі тұлға әкімшілік немесе қылмыстық тергеп-тексеру нәтижесінде кінәлі деп танылса, онда банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін де субсидиарлық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі сақталады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша 2024–2025 жылдаға банкроттық рәсіміндегі барлық борышкерлердің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде ел бойынша 120 әкімшілік өндіріс және 44-тен астам қылмыстық іс әдейі банкроттық белгілері бойынша қозғалды.
Енді мемлекеттік кірістер органдарының жоспарларында әдейі банкроттық белгілерін анықтаудың автоматтандырылған құралдарын пайдалану, мәмілелерді, компаниялар арасындағы байланыстарды және борышкерлердің мінез-құлқын талдау, ол үшін оңалту және банкроттық рәсімдерін автоматтандыру бойынша белсенді жұмыс басталды.
Мысалы, 2024 жылы Жамбыл облысында компанияның бұрынғы директоры сот үкімімен әдейі банкроттық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ал 2025 жылы сот бұл тұлғадан компанияны банкрот деп тануға дейін банктік шоттардан шығарылған ақша түріндегі активтер үшін кредиторлардың пайдасына 45 миллион теңгеден астам қаражат өндіруге шешім қабылдады.
Мұндай жағдайлар жекелеген мысалдар емес, тек 2025 жылдың өзінде ел бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты 12-ден астам осындай сот шешімі шығарылған, борышкерлердің заңсыз әрекеттерін автоматтандырылған түрде анықтау процестері енгізілуіне байланысты, мемлекеттік кірістер органдары аналитикалық негізділік пен жүйелі дәлелдемелер базасының арқасында құқық қорғау органдарына жолданатын материалдардың тиімділігі артады деп күтуде, сәйкесінше сотқа жолданатын талаптардың да артуына әкеледі.
Осылайша, банкроттық рәсімі жосықсыз кәсіпкерлер үшін жауапкершіліктен жалтару тәсілі болуды тоқтатады және әділдікті қалпына келтірудің пәрменді құралы — кінәлі тұлғаларды жеке жауапкершілікке тарту есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыруға бағытталған тетікке айналады. Ескіру мерзімі ұзартылуы мүмкін, ал қаржылық және қылмыстық жауапкершілік нақты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



