Командование Актауского гарнизона встретилось с солдатскими матерями
21 Октября 2024 (16:58) | 670 | Автор: Редакция
В департаменте по делам обороны Мангистауской области прошло заседание круглого стола. На нем были обсуждены вопросы условий службы солдат срочной службы и обеспечения их морально-психологического благополучия.
В мероприятии приняли участие начальник Актауского гарнизона, командиры воинских частей, представители Пограничной службы КНБ, Национальной гвардии и РОО «Комитет солдатских матерей «Аналар жүрегі». В онлайн-формате к мероприятию присоединилась председатель РОО «Комитет солдатских матерей «Аналар жүрегі» Лилия Хайруллина.
Начальник Актауского гарнизона подполковник Азамат Сулейменов поблагодарил участников встречи за сотрудничество и поднимаемые актуальные вопросы. Он подчеркнул, что обеспечение безопасной службы солдат-срочников – одна из приоритетных задач.
О текущем состоянии дел в подразделениях и вопросах, требующих решения, рассказали командиры воинских частей.
В ходе мероприятия прозвучали замечания, предложения и вопросы, на которые были даны соответствующие разъяснения. По итогам обсуждения стороны наметили дальнейший план действий.
Состоялось награждение солдат, принимавших участие в противопаводковых мероприятиях. Начальник департамента по делам обороны Мангистауской области полковник Руслан Балтемиров вручил им наручные часы от имени министра обороны. Рядовой Ержан Илберген, служащий в воинской части 21450 Гвардейского гарнизона, участвовал в ликвидации последствий наводнения в Западно-Казахстанской области.
Его мама, Жанар Бабатаева поблагодарила руководство Министерства обороны за оценку труда солдат.
– Горжусь своим сыном и рада за ребят. Служба дает возможность нашим сыновьям проявить себя и помочь людям. Мамам советую поддерживать сыновей и верить в них. Награды – это, конечно, приятно, но главное, что наши ребята сделали полезное для страны дело, – поделилась она.
После заседания представители РОО «Комитет солдатских матерей «Аналар жүрегі» посетили областной сборный пункт, где ознакомились с ходом призывной кампании. На данный момент идет подготовка к отправке команды в войсковую часть 30238 г. Актобе.
Представители общественности осмотрели медицинские, спальные помещения, столовую, кабинет заседаний областной призывной комиссии, принимающей решение о годности призывника к воинской службе.
Посетители сборного пункта поинтересовались процедурой оценки психологической готовности призывников выполнению гражданского долга. На их вопросы подробно ответил начальник психологической службы департамента по делам обороны Мангистауской области капитан Дузелбай Жасулан. Он также ознакомил визитеров с работой универсального психодиагностического комплекса «Ақ сұңқар», который используется для оценки психологического статуса призывника, исследования его личностных и профессиональных качеств.
Подобные мероприятия способствуют налаживанию конструктивного диалога, учету предложений общественности, направленных на поддержку молодых солдат и их семей.
Ақтау гарнизонының қолбасшылығы сарбаздардың аналарымен кездесті
Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда мерзімді қызмет сарбаздарының қызмет ету жағдайы мен олардың моральдық-психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Ақтау гарнизонының бастығы, әскери бөлімдердің командирлері, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның және "Аналар жүрегі " сарбаз аналары комитеті" РҚБ өкілдері қатысты. "Аналар жүрегі" сарбаз аналар комитеті" РҚБ төрағасы Лилия Хайруллина іс-шараға онлайн форматта қосылды.
Ақтау гарнизонының бастығы подполковник Азамат Сүлейменов шарға қатысушыларға ынтымақтастық пен көтерілген өзекті мәселелер үшін алғысын білдірді. Ол мерзімді қызметтегі сарбаздардың қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Әскери бөлімдердің командирлері бөлімшелердегі жұмыстардың ағымдағы жай-күйі және шешуді талап ететін мәселелер туралы айтты.
Іс-шара барысында тиісті түсініктемелер берілген ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар атқарылатын жұмыстар жоспарын белгіледі.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан сарбаздар да марапатталды. Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Байтеміров оларға Қорғаныс министрінің атынан қол сағаттарын табыс етті. Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы жауынгер Ержан Илберген Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты.
Оның анасы Жанна Бабатаева Қорғаныс министрлігінің басшылығына сарбаздардың еңбегін бағалағаны үшін алғысын білдірді.
– Ұлымды мақтан тұтамын. Балалар үшін де қуаныштымын. Әскери қызмет біздің ұлдарымызға өздерін дәлелдеуге және адамдарға көмектесуге мүмкіндік береді. Мен аналарға ұлдарын әрқашан қолдауға және оларға сенуге кеңес беремін. Марапат деген әрине жақсы, бірақ ең бастысы, біздің жігіттер ел үшін пайдалы іс жасады, - деп өз ойын ортаға салды.
Отырыстан кейін "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитеті" РҚБ өкілдері облыстық жинау пунктіне барып, шақыру науқанының барысымен танысты. Қазіргі уақытта әскерге шақырылушылар командасын Ақтөбе қаласының 30238 әскери бөліміне жіберуге дайындық жүріп жатыр.
Қоғам өкілдері әскерге шақырылушының әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдайтын облыстық шақыру комиссиясының медициналық, жатын бөлмелерін, асханасын және мәжіліс кабинетін қарап шықты.
Жиын пунктіне барып әскерге шақырылушылардың азаматтық борышын орындауға психологиялық дайындығын тексерулеріне қызығушылық танытты. Олардың сұрақтарына Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті психологиялық қызметінің бастығы капитан Дүзелбай Жасұлан егжей-тегжейлі жауап берді. Ол сондай-ақ шақырылушының психологиялық жағдайын бағалау, оның жеке және кәсіби қасиеттерін зерделеу үшін пайдаланылатын "Ақ сұңқар" әмбебап психодиагностикалық кешенінің жұмысымен таныстырды.
Мұндай іс-шаралар сындарлы диалог құруға, жас сарбаздар мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталған қоғамдық ұсыныстарды ескеруге оң ықпал етеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему