Учение на Каспии: морской тактический десант поддержали боевые вертолеты и корабельная артиллерия
8 Октября 2024 (09:57) | 537 | Автор: Редакция
В ходе сбора-похода Военно-морских сил личный состав десантно-штурмового батальона морской пехоты успешно провел высадку десанта и захват плацдарма на необорудованном побережье Каспийского моря. Учение началось с прорыва противодесантной обороны условного противника. Артиллерийские удары кораблей непосредственной огневой поддержки значительно упростили выполнение поставленной задачи. Высадившись с борта катера «Кайсар», десантники приступили к захвату прибрежной линии. В ходе учебного боя штурмовые группы успешно подавили огневые точки противника и закрепились на рубеже, что позволило обеспечить высадку основных сил морского тактического десанта. Действия военнослужащих отличались высоким уровнем слаженности и координации, что стало ключевым фактором успешного выполнения поставленных задач. Поддержку с воздуха обеспечили транспортно-штурмовые вертолеты Ми-8, которые доставили десантные группы в тыл условного противника. Пара боевых вертолетов также сыграла важную роль в обеспечении прикрытия высадки и уничтожении целей на земле. – Запланированные мероприятия летнего периода завершены. Теперь личный состав готовится к батальонно-тактическим учениям и итоговой проверке комиссии Генерального штаба Вооруженных сил, – подытожил командир военно-морской базы капитан 2 ранга Бауыржан Муратулы. В маневрах приняли участие более ста военнослужащих, было задействовано свыше десяти единиц военной и специальной техники, включая ракетно-артиллерийские корабли и катера, а также транспортные и боевые вертолеты. Учения стали важной частью боевой подготовки военнослужащих и подтвердили высокую степень готовности морских пехотинцев к выполнению задач в условиях реального боя.
Каспийдегі жаттығу: әскери тікұшақтар мен кеме артиллериясы теңіз тактикалық десантына қолдау көрсетті
Әскери-теңіз күштерінің жиын-жорығы барысында теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамы Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауына десант түсіру мен плацдармды басып алу операцияларын сәтті өткізді.
Оқу-жаттығу шартты қарсыластың десантқа қарсы қорғанысын бұзып өтуден басталды. Атысты қолдау кемелерінің тікелей артиллериялық соққылары тапсырманы орындауды едәуір жеңілдетті. «Қайсар» қайығымен жеткен десантшылар бірден жағалауды басып алуға кірісті.
Ұрыс барысында шабуылдау топтары қарсыластың атыс нүктелерін жойып, алғы шепке орнығып алды. Бұл тактикалық теңіз десантының негізгі күштерін түсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Әскери қызметшілердің іс-әрекеті үйлесімділік пен үйлестірудің жоғары деңгейімен ерекшеленді. Бұл қойылған тапсырмаларды сәтті орындаудағы негізгі фактор болды.
Mи-8 көліктік-шабуылдау тікұшақтары десанттық топтарды шартты қарсыластың тылына жеткізу арқылы әуеден қолдау көрсетті. Жауынгерлік тікұшақтар жұбы қонуды қамтамасыз ету мен жердегі нысандарды жоюда маңызды рөл атқарды.
– Жазғы кезеңдегі жоспарланған іс-шаралар толығымен аяқталды. Енді жеке құрам батальондық-тактикалық оқу-жаттығуларға және Қарулы күштер Бас штабы комиссиясының қорытынды тексеруіне дайындалуда, – деп қорытындылады әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.
Жүзден астам әскери қызметші қатысқан маневрлерге зымыран-артиллериялық кемелер мен қайықтарды, сондай-ақ көліктік және жауынгерлік тікұшақтарды қоса алғанда, оннан астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігіне айналған оқу-жаттығу теңіз жаяу әскерлерінің нақты ұрыс жағдайындағы тапсырмаларды орындауға дайындығын дәлелдеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему