Алдын алу іс-шара – түзу жолға бастама!
Курс валют в Актау
на 27/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
27 Декабря, 01:41
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Алдын алу іс-шара – түзу жолға бастама!

31 Августа 2024 (16:26) | 909 | Автор: Редакция

 

Ақтау өңірлік гарнизоны Әскери полициясы басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімі және Әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен гарнизондағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған «Алкоголь мен есірткі – қылмыстың қайнар көзі» принципі негізінде «Мас жүргізуші қылмыскер» акциясы ұйымдастырылып, оның шеңберінде гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелер жеке құрамына құқық бұзушылықтың жауапкершілігін кең ақпаратты және оң жақты түсіндіру мақсатында, профилактикалық іс-шаралары мен дөңгелек үстелі  өткізілді.

 Аталған іс-шара әскери қызметшілердің құқықтық санасын көтеру мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер заңдылықтарын кең ауқымда жеткізуге бағытталған әрекет болып табылады. Іс-шара барысында әскери қызметшілердің әскери қызмет саласында, қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда, отбасында қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері қозғалып, орын алған құқық бұзушылықтардың жағдайы жеткізіліп, олардың жауапкершіліктері кең ауқымда түсіндірілді. 

Ақтау гарнизонының Әскери полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімі және әскери полиция бөлімініңқызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕ комитетінің ақпараттық сервисімен тоқсан сайын Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерімен және мекемелерінің әскери қызметшілерімен орын алған әскери қызметпен байланысты емес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында салыстырма жүргізіледі, 2024 жылдың 2-ші тоқсанындасалыстырма қорытындысы бойынша бір қатар әскери қызметшілердің әр-түрлі сала органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері анықталды.

Осы бағыт тұрғысында, Ақтау гарнизоны Әскери полиция басқармасы «Мас жүргізуші қылмыскер» акциясы аясында 2024 жылдың 2-ші тоқсанында әр – түрлі сала органдарымен әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы бойынша Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерімен мекемелерінде құқықтық түсіндіру жұмыстарымен қатар оның ішінде сабақтар, конференциялар, арнайы іс шаралар жүзеге асырылуда.

           Осындай іс-шаралардың әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде  жиі өткізілуі, әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтан аулақ болуға, әскери ұжымда әскери тәртіптің нығайуына бірден – бір себеп болып табылады  деп сенеміз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему