Сотрудники ЦОН теперь оказывают госуслуги в общественных местах
6 Марта 2024 (12:59) | 1313 | Автор: Редакция
ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады
Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан. Өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыш Ақтау қаласында да ашылды. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін аталмыш аймақ«Мағаш» сауда үйінде орналасқан.
Айта кетер болсақ, connection point– азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.
«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.
Сотрудники ЦОН теперь оказывают госуслуги в общественных местах
29 connectionpoint были открыты в 20-ти областях Казахстана, где граждане могут самостоятельно получать госуслуги. Зоны самообслуживания расположены в местах массового скопления граждан таких как ТРЦ, рынки, автовокзалы и банки. В Актау также открылся уголок самообслуживания. Данная зона для оказания госуслуг расположена в торговом доме «Магаш».
Отметим, что connectionpoint - это зона, где гражданам помогают самостоятельно получать услуги через портал электронного правительства. Здесь клиенты могут заказать такие популярные услуги как получение ЭЦП, регистрация по месту жительства, получение справки о пенсионных начислениях и другие.
«В прошлом году казахстанцы получили более 15 миллионов услуг в секторах самообслуживания в ЦОНах. Мы решили масштабировать этот проект и установили в крупных городах и областных центрах так называемые connectionpoint. Торговые центры, рынки, автовокзал мы выбрали не случайно, они имеют высокую проходимость и гражданам будет удобно обратиться к нашим сотрудникам для оказания государственных услуг», - сказал Председатель Правления Госкорпорации АрманКенжегалиев.
К слову, на сегодняшний день через секторы самообслуживания в ТРЦ и на базарах было оказано более 2 тысяч услуг. Одной из востребованных услуг в январе стала подача заявлений на корректировку сведений о регистрации актов гражданского состояния. Граждане подавали обращения на добавление сведений о детях для участия в программе «Нацфонд детям».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему