Оптимизирована форма налоговой декларации формы 270.00
6 Февраля 2024 (14:06) | 1368 | Автор: Редакция
Департамент государственных доходов по Мангистауской области информирует, что с 1 января 2024 года сократился перечень информации для отражения в Декларации о доходах и имуществе (форма 270.00).
Исключена необходимость отражения доходов, облагаемых у источника выплаты (заработная плата, вознаграждения по депозитам, пенсионные выплаты и др.), и информации о приобретении или отчуждении, либо получении безвозмездно имущества, зарегистрированного в Казахстане.
Кроме того, обязанность по отражению в Декларации о доходах и имуществе (форма 270.00) сведений об источниках покрытия расходов на приобретение имущества возложена только на физических лиц, которые указаны в Законе Республики Казахстан «О противодействии коррупции», а именно:
- лиц, занимающих ответственную государственную должность, и их супругов;
- лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и их супругов;
- должностных лиц и их супругов;
- лиц, приравненных к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, и их супругов.
В настоящее время вносятся изменения в Декларацию о доходах и имуществе (форма 270.00) и правила ее составления, после утверждения форма 270.00 будет реализована в информационных системах Комитета государственных доходов.
Вместе с тем, в связи с наступлением срока представления Декларации о доходах и имуществе, Вы вправе исполнить обязательство по действующей форме 270.00.
Важно знать, если в 2024 году представлена действующая форма Декларации о доходах и имуществе (форма 270.00) со статусом «принята» и «разнесена», то повторно пересдавать декларацию формы 270.00 не нужно.
Напомним, что Декларацию о доходах и имуществе (форма 270.00) в 2024 году представят все физические лица, представившие Декларацию об активах и обязательствах (форма 250.00) в период с 2021 по 2023 года.
Срок представления – не позднее 15 сентября 2024 года.
Декларацию о доходах и имуществе (форма 270.00) можно представить в электронном виду через «Кабинет налогоплательщика» (cabinet.salyk.kz), портал «электронного правительства» (egov.kz), а также через мобильные приложения «e-Salyq Azamat», «eGov mobile».
270.00 нысанды салық декларациясы оңтайландырылды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) көрсетілетін ақпарат тізбесі қысқарғанын хабарлайды.
Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.
Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.
Қазіргі уақытта, кірістер мен мүлік туралы декларациясына (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, аталған 270-нысаны бекітілгеннен кейін, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты, Сіз қолданыстағы 270.00 нысанмен де тапсыруға құқылысыз.
Егер, 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясы қолданыстағы нысан (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса және декларацияға "қабылданды" және "таратылды" мәртебесі берілсе, онда жаңа 270.00 нысаны бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) 2021-2023 жылдарда активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) тапсырған барлық жеке тұлғалар ұсынады.
Декларацияны ұсыну мерзімі - 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
Кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) "Салық төлеушінің кабинеті" арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) арқылы және «e-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде ұсынуға болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему