Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
16 Ноября 2023 (13:10) | 2068 | Автор: Редакция
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 14 қарашадағы
№ 242-қ қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84 баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37 бабына, Мемлекеттік мүлік туралы Заңына және «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 04-16-965 хатына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау» теміржол вокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру үшін орналасқан осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер учаскелерді мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап 5 (бес) ай мерзім болып белгіленсін.
3. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген меншік иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Мұнайлы ауданы әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
4. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (Б.Орынбасаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қабылдалған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде Мұнайлы ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурстарын қоса алғанда, республикалық немесе жергiлiктi бұқаралық ақпарат кұралдарында жариялансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә.Өтегеновке жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Күмісқалиев
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 14 қарашадағы
№ 242-қ қаулысына қосымша
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімі
№ |
Жер учаскелерінің меншік иелері |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің кадастрлы нөмірі |
Меншік құқығы |
Нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің жалпы көлемі, га. |
1 |
«CityСтрой» (Сити Строй) ЖШС |
Мұнайлы ауданы, маңғыстау ауылы, № 18 орам, № 11 учаскесі |
13-203-082-280 |
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
Автотұрақ орналастыру және пайдалану үшін |
0,2919 |
2 |
Садвакасова Наргиз Ержановна |
Мұнайлы ауданы, маңғыстау ауылы, № 19 орам, № 1 участок |
13-203-082-1883 |
Жеке меншік |
Дүкен құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,00288 |
3 |
Купешов Нурум Акшабаевич
|
Мұнайлы ауданы, маңғыстау ауылы, № 19 орам, № 6/3 учаскесі |
13-203-082-2179 |
Жеке меншік |
азық-түлік дүкенінің құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,0089 |
4 |
Муханова Жумагуль Павловна |
Мұнайлы ауданы, маңғыстау ауылы, № 9 орам, № 20 учаскесі |
13-203-082-1254 |
Жеке меншік |
«Ырыс» асханасын кеңейту үшін |
0,1170 |
|
|
|
|
|
0,42068 |
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему