Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
27 Сентября 2023 (17:43) | 1548 | Автор: Редакция
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін уәкілетті орган өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңдарды сақтауын және осы заңдарға сәйкес қабылдаған шешімдердің заңдылығын бақылауды жүзеге асырады. Соның ішінде, құзыреттілік шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық деректерін қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 99-бабына сәйкес, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады делінген.
Ағымдағы жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Маңғыстау облысы әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы Г. бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғанын анықтады.
Нәтижесінде, аумақтық департамент өз құзыреті шегінде заңсыз шешім қабылдаған лауазымды тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 99-бабы 1-бөлігінің талабын бұзғаны үшін, қысқартылған тәртіппен 25750 теңге айыппұл салды.
Бұған қоса, ҚР ӘҚБтК 154 бабында, Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп көрсетілген.
Осы ретте, Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметшісі Н. мемлекеттік қызметке тағайындалғаннан кейін, бұдан бұрын ашылған жеке кәсіпкерлік қызметін заңнамада көрсетілген мерзім ішінде түпкілікті жаппағаны белгілі болды.
Құқық бұзушылықтың салдарынан 03.05.2023 жылғы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 483 000 теңге айыппұл салынды.
Бұл жәйттар, мемлекеттік қызметшілердің тарапыпан құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында назарға беріліп отырғандығын ескерген жөн.
Алдағы уақытта аумақтық департамент мемлекеттік қызметшілердің имиджін қолдау және арттыру бағытында жұмыстарды одан әрі жандандыра беретін болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему