Ақтауда әскерилер теңіз портының диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтады
Курс валют в Актау
на 24/06/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
24 Июня, 18:35
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Ақтауда әскерилер теңіз портының диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтады

5 Сентября 2023 (16:52) | 1989 | Автор: Нурбол Шалабаев

Әскери теңіз күштері десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамымен 2023 жылғы жауынгерлік жоспарға сәйкес арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығу сабақтары өтті.

Бұл оқу-жаттығуды өткізудегі басты мақсат – роталар жеке құрамының жауынгерлік дайындық дәрежесін тексеру, дабыл бойынша көтеру және рота жауынгерлерінің функционалдық міндеттерін, үйлесімділігін бағалау. Алғашқы күннен бастап-ақ десанттық-шабуылдау ротасының әскери қызметшілері белсенділік таныта білді

 

 Тактикалық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде роталар дабыл бойынша көтеріліп, марш жасады. Одан кейін, әскери топография, инженерлік дайындығы, радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау, байланыс, әскери медициналық және әуе-десанттық дайындығы бойынша тиісті нормативтері тексерілді. Ал, үшінші кезеңде әскери техникамен 50 шақырымдық жорық жасап, Ақтау қаласы теңіз сауда порты және әскери теңіз күштерінің маңызды нысандарын күзетуге және теңіз портының диверсияға қарсы қауіпсіздік мәселелерін пысықтады.

«Кәзіргі таңда, батальон жеке құрамы қарсыластын шабуылдарына тойтарыс беріп және оған қарсы шабуыл жасауды үйреніп, өздерінің әскери шеберліктерін шындап, біліктіліктерін арттырды. Роталар кенеттен белгіленген жауынгерлік дайындықтар бойынша тапсырмаларды шеберлікпен орындады. Взвод командирлері бұл оқу-жаттығуда сарбаздардың тактикалық іс-қимылдардың дұрыстығына, ұрыста қаруды тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлді» - деп атап өтті десанттық – шабуылдау батальон командирінің орынбасары Даулет Махсотов.

 

Тактикалық оқу-жаттығулар бөлім жеке құрамының теориялық білімдерінің нығайуына, жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпал ететіні сөзсіз.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему