«Ұлы дала жорығының» басталуына 8 күн қалды.
28 Августа 2023 (17:47) | 2491 | Автор: Редакция
Астана-Түркістан бағытындағы 1300 км қашықтықтың ең ұзақ әрі ең қиын бөлігі (Бетпақ дала) Ұлытау облысының аумағынан өтеді.
Дәл осы жерде жол бойы тарихи әрі мәдени ескерткіштер ең көп шоғырланған. Алтын Орданың негізін қалаған Алаша хан, қазақ хандарының әулетін қалаушы, Шыңғыс ханның тұңғышы - Жошы хан жерленген киелі жер де дәл осы Ұлытау өңірінде.
Бұдан басқа Домбауыл батыр, Болған ана, Талмас ата, Ерден сұлтан, Дүзен Сандыбайұлының денелері де Ұлытау жерінде мәңгілік тыныштық құшағына берілген. Ежелгі Басқамыр, Аяққамыр қалашықтарының іздері де осы жерде сайрап жатыр.
Сонымен қатар, Ұлытаудың Бетпақ даласында үш жүздің басын қосып, қалмақты жеңетін ұлы шайқас болған Қалмаққырған деген киелі жер бар. Осының барлығын «Ұлы жорыққа қатысушылар» өз көздерімен көріп қана қоймай, сол заманның рухын сезініп, бойларына сіңіріп қайтады.
Олай болса, 6-19 қыркүйек аралығында шытырман оқиғаларға толы «Ұлы дала жорығының» куәгері бол. Сегіз күннен кейін 20 командамен ата-бабаларымыздың жүріп өткен ізімен 1300 км шақырымды бүгінгі күннің батырларымен бірге қайта бағындыр. Тілектес бол, жанкүйер бол!
8 дней осталось до начала масштабного марафона-байге «Ұлы дала жорығы»
Астана. 29 августа 2023 года. До официального старта самого яркого события этого года марафона-байге «Ұлы дала жорығы» осталось всего 8 дней.
Одной из самых захватывающих и сложных отрезков маршрута Астана-Туркестан является участок через Улытаускую область, известный как «Бетпак дала». Этот путь воссоздает пройденные столетия назад следы наших предков, проложенные через многие века истории и культуры.
Улытауская область – место, где сосредоточено множество памятников истории и культуры. Здесь покоятся основатель Золотой Орды Алаша-хан, первенец Чингис-хана, а также основатель династии казахских ханов Жошы хан. В этой священной земле также увековечены память Домбаул батыр, Болган ана, Талмас ата, Ерден султан, Дузен Сандыбайулы – выдающихся личностей, оставивших свой след в истории Казахстана.
Помимо этого, на просторах Улытау можно обнаружить следы древних цивилизаций, такие как городища Баскамыр и Аяккамыр.
Отмечая значимое историческое событие – битву на Калмаккыргане, где против калмаков сражались войска всех трех казахских жузов, участники «Ұлы дала жорығы» получат возможность не только увидеть своими глазами исторические места, но и прочувствовать эпоху, в которой наш народ прошел свой путь.
С 6 по 19 сентября мы приглашаем вас стать свидетелем грандиозного события. Участники из 20 команд будут идти по следам предков. Большой марафон-байге под эгидой Фонда поддержки индустрии туризма и спорта обещает оставить неизгладимые впечатления для всех, кто решит стать частью этой истории.
Оргкомитет «Ұлы дала жорығы».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему