Ақтаудың 7000-ға жуық әскери қызметшілері өз дауыстарын берді
Курс валют в Актау
на 02/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
2 Ноября, 00:46
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Ақтаудың 7000-ға жуық әскери қызметшілері өз дауыстарын берді

20 Ноября 2022 (12:04) | 1725 | Автор: Нурбол Шалабаев

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыстарын берді. 


«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 390-ші теңіз жаяу бригадасында орналасқан № 61 жабық сайлау учаскесі ашылуы Мемлекеттік Әнұраннан басталды. Сап түзеген сарбаздар әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығындағы сайлау учаскесінде еліміздің жарқын болашағы үшін өз дауыстарын жасады.


Қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатыр, соның бірі,  бір ай бұрын әскерге Атырау облысынан шақырылған Исатай Қойшыбай 


«Бүгін біз сарбаздар үшін ерекше күн. Себебі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаланып отырмын, сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр" – деді қатардағы жауынгер Исатай Қойшыбай.


«Өз Отанымның нағыз патриоты ретінде мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін, әр сарбаз өзіміздің таңдауымызды жасадық» - деді қатардағы жауынгер Дінмұхамед Әзберген


Айта кетейік, Ақтау гарнизонында орналасқан Әскери теңіз күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы және Әуе қорғанысы күштерінің сарбаздары № 61 жабық сайлау учаскесінде өз дауыстарын берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему