ТШО-мен жұмыс істеу –зор жетістік және одан әрі дамуға жол ашатын мүмкіндік
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 18:59
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

ТШО-мен жұмыс істеу –зор жетістік және одан әрі дамуға жол ашатын мүмкіндік

25 Июля 2022 (13:40) | 2960 | Автор: Редакция

Мұнай саласы тек мұнай өндіруші компаниялардан ғана емес, сонымен қатар мұнай өндірісін жүзеге асыруға көмектесетін көптеген сервистік компаниялардан тұрады.Мәселен, Маңғыстау облысында Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын саналатын «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) сияқты мұнай-газ саласының алыбымен серіктестік орнатқан бірқатар компаниялар бар.ТШО-мен ынтымақтастық көптеген кәсіпорындарды жергілікті кадрлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, біліктілігін арттыруға ықпал етіп, кәсіби мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеруде.

«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС (МГҚ) ТШО-мен 20 жылдан астам бірлесе жұмыс істеуде. Маңғыстаулық компания өз жерінде ғана емес, жалпы батыс өңіріндегі ең ірі құрылыс компаниялардың бірі болып саналады.Компанияның Қарашығанақ, Қаражанбас, Солтүстік Бозашы және басқа да кен орындарындағы жобалары сәттілігімен табысты болды. Компания әр жобадан жиналған бай тәжірибесі 2000- жылдардың басында ТШО-ның Екінші буын зауыты (ЕБЗ) құрылысына қатысу үшін алдын ала іріктеуден өтуге жол ашты.



«Алдын ала іріктеуден өту процесі ТШО талаптарына сәйкес, бірнеше кезеңнен тұрды.Бұған сауалнама материалдарын дайындау,өндірістік қуаттарды,техника мен жабдықтарды есепке алу, тексеру,қызметкерлерді даярлау, бұрынғы тапсырыс берушілердің пікірлерін ұсыну, кездесулер, сұхбаттар, презентациялар және т.б. кіреді. ТШО мамандары асқан мұқияттықпен, ешкімді алаламай, іскерлік пен достық рәуіште үміткерлерге аталмыш процестің барлық кезеңдерінен өтуіне көмектесті», - дейді бір кездері Теңіз кенішінің құрылысына қатысқан компания басшысы Меңдіхан Ақмалиев. Осындай кезеңдердің бәрінен сәтті өткен МГҚ-ға 6520 адамға арналған «Шаңырақ» қалашығының құрылысы тапсырылды. Бұл ТШО-ның ЕБЗ шеңберінде қазақстандық компаниямен жасаған алғашқы ірі келісімшарты болатын.

Келісім-шарттың ерекшелігі сол,ол ЕРС, яғни жобалау-жабдықтау-құрылыс шарттарымен ресімделді.Бұл отандық құрылыс саласындағы жаңалық болатын.еді.

Сөйтіп, заманауи үлгідегі,ойластырылған инфрақұрылымы мен өзіндік дизайны бар, жатып-тұруға ыңғайлы «Шаңырақ» кенті пайда болды. Кент МГҚ жұмысының сапа көрсеткішіндей отыз жылға жуық тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Аталған жоба нәтижесінде ақтаулық компания өзін сенімді серіктес ретінде танытып, ТШО-мен ынтымақтастығын жалғастыруда.

МГҚ 2002 жылдан бері көптеген құрылыс жобаларын жүзеге асырып, ТШО үшін 73 өндірістік нысан салды. Шамамен 140 000 шаршы метр аумақ және 350 000 шаршы метр жол игеріліп, жалпы 32 млн-ға жуық адам/сағат, 17 млн-нан астам машина-сағат орындалды. 700-ден астам өндірістік нысандар, оның ішінде болат резервуарлар, газ генераторлары, сорғы және кәріз стансалары, ұңғымалар және басқа да нысандарпайдалануға берілді. Қазір де МГҚ ТШО нысандарында құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Осы жетістіктердің бәрі ұжымның қалыптасқан жұмысының жемісі.



ТШО-мен ынтымақтастық ұдайы дамуды талап етеді, сондықтан компания заманауи стандарттарға сәйкес құрылысты басқарудың ұйымдық құрылымын қайта қарады және халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес келу үшін даму қарқынын бір сәт бәсеңдеткен емес.

МГҚ автокөлік пен техника паркін кеңейтті, 200-ден астам құрылыс техникасын, құрал-жабдықтар, құрал-саймандар мен білдектер сатып алды. Қазіргі уақытта дәл осы маңғыстаулық компания Қазақстанның батысындағы заманауи және жоғары сапалы жабдықтары бар ең ірі компаниялардың бірі болып саналады, компания Caterpillar, Komatsu, Hitachi, Liebherr, Grove, Hyundai, Mercedes, Toyota, Volvo және т.б. әлемдік брендтердің өндірістік жабдықтарын пайдаланады.

Сонымен қатар, компания кадр саясатына ерекше көңіл бөледі – біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілді, халықаралық ISO стандарттарына сәйкес қауіпсіздік, экология мен өндіріс сапасына деген көзқарас жетілдірілді. Мамандар Қазақстанда да, шетелде де біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтіп отырады.Компанияға полимер материалдарын дәнекерлеу үшін халықаралық BS EN 13067 Plastic Welding стандарты талаптарына сәйкес халықаралық деңгейде даярланған мамандарды тарту қажет болды. Осы ретте, бірнеше қызметк GTL британдық компаниясына барып, арнайы оқудан өтті. Сонымен қатар, МГҚ қызметкерлері BGAS және NACE халықаралық талаптарына сәйкес, II және III деңгейлер тағайындауымен беткі қабатты қорғау бойынша TWI Training and Examination Service халықаралық компаниясында оқудан өтті.

«Тәжірибелі бригада басшылары Жандос Төртбаев пен Кирилл Ковалевтар бастауымен оннан астам маман даярланды. Олар МГҚ металл құрастырылымы цехы ұжымының құрамында ТШО компаниясына аса маңызды металл құрастырылымы мен құбыр түйіндерін монтаждау, құрастыру және беткі қабатты қорғау бойынша кешенді жұмыстар атқарды», - дейді компания өкілдері.



«Бұл жалғыз ғана мысал емес», деп атап өтті МГҚ өкілдері. TWI Британдық оқу орталығының Атырау филиалы базасында бір топ маман халықаралық BGAS және NACE бағдарламалары бойынша оқытылып, аттестациядан өтті, NIP Gard және Canusa сұйық эпоксидті материалымен дәнекерленген жіктерді заманауи жабу технологиялары (PQT) енгізілді, мамандар басқа да бірегей операциялар бойынша оқытылып, аттестациядан өтті.

«ТШО өкілдері қызметкерлерімізді әркез қолдап, бағыт-бағдар беріп отырды, сол үшін де біз оларға ризамыз.Ұдайы тәжірибе, білім және дағдылар алмасудың нәтижесіндекәсібилік, қарым-қатынас мәдениеті, қызметкерлеріміздің ішкі сенімі арта түседі.Біз үшін өзімізді ТШО-ның бизнес-серіктестері қауымдастығының бір бөлігі ретінде сезіну өте маңызды. ТШО-мен ұдайы өтетін кездесулер мен тәжірибе алмасулардан біз жаңа серпін, білім мен тың идеялар аламыз», - деп түйіндеді өз сөзін Меңдіхан Ақмалиев.

Белсенді өндірістік қарым-қатынас пен ТШО-ның талаптары дамуға ынталандырады және бизнес-серіктестердің технологиялық және адами әлеуетін арттыруға көмектеседі. Осылайша, компания ТШО-мен ынтымақтастық кезеңінде 30-дан астам жаңа технологиялар мен процестер енгізді. Қазір Теңіздегі нысандарда 1000-ға жуық қызметкер еңбек етуде. Олардың 99 пайызы жергілікті кадрлар – Қазақстанның батыс өңірі тұрғындары. Компания ұжымды бағалайды және мақтан тұтады, олардың әртүрлі деңгейдегі жұмыстарды орындай алатынына сенімді.



Айта кететін жәйт, компания ТШО-ның технологиялық қамту, қызметкерлерді дамыту мен қауіпсіздік техникасын сақтау принциптерін ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік жобаларды қолдау тәжірибесін қолданады. Мәселен, МГҚ 2018-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы мәдени мұра нысандарын, оның ішінде «Масат ата» кешені мен «Қапаш мешіті» жерасты мешітін жөндеу жұмыстарын аяқтады.


«Khimzaschita Stroy Service» ЖШС: басты назарда жергілікті мамандардың кәсіпқойлығын арттыру.

«Khimzaschita Stroy Service» (KSS) ЖШС - тоттануға қарсы, оқшаулау және оттан қорғау жұмыстары бойынша қызметтер кешенін жүргізуге мамандырылған ұйым. KSS тоттанудан жоғары сапалы қорғау саласындағы сарапшы бола отырып, қорғаныс жабындарының барлық түрлері мен оларды қолдану әдістері туралы толық білімге ие, жылу және өрттен қорғаудың барлық түрлері мен кластарын оқшаулау жүйелеріне қызмет етеді.



«Khimzaschita Stroy Service» ЖШС директоры және оның негізін қалаушы Рашид Тұмарбаевтың айтуынша, ол өзінің алғашқы тәжірибесін 1997 жылы құлдырап қалған СМУ-104-тің (Каспий маңы құрылыс басқармасы бөлімшелерінің бірі) құрылыс-монтаждау учаскесінің мамандарымен жұмыс істеу кезінде алған болатын. Ал, 2000-шы жылдары халықаралық операторлардың жобаларында алған тәжірибезаманауи компанияны ашып, оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.


«KSS» 2008 жылдан бастап ТШО жобасына қосалқы мердігер ұйым ретінде тартылды.Компания осы тәжірибенің арқасында ТШО-мен тікелей жұмысты бастайды.


«Біз қосалқы мердігерлік ұйым ретінде тәжірибе жинақтап, ТШО-ға тікелей қызмет көрсетуді шештік.Ең бастысы- мұны қалай жасау керектігі түсінікті, ақпарат жеткілікті, әрі қол жетімді. Алдымен байқауларға қатысу үшін, ТШО сайтына тіркеліп, аккредитациядан өттік. ТШО барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын түгендеді және шарттардың сақталғандығына көз жеткізді.Сөйтіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Аккредитацияның басты шарты-мамандардың біліктілігі,оларда халықаралық стандарт сертификаттарының болуы және заманауи жабдықтардың жеткіліктілігі еді», - дейді Рашид Серікұлы.

Бүкіл процесс онлайн режимінде өтеді. Оған ТШО-мен жұмыс істеу үшін қажетті сипаттамалары бар кез келген компания қатыса алады.Аккредитациядан өтпеген жағдайда,ТШО мамандары кемшін тұстарды түсіндіреді. Кемшіліктерді түзету арқылы, жаңадан өтініш беріп,қайтадан қатысуға болады.


«Біз қызметкерлеріміздің дағдыларын үнемі жетілдіріп, құрал-жабдықтарымызды жаңартыпотырдық.. Өйткені халықаралық операторлардың нысандарында қорғаныс жабындылары мен оқшаулау жұмыстарын орындау үшін, технология мен жабдыққа және қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес болуымыз қажет», - дейді кәсіпорын басшысы. Қазіргі уақытта компания мамандары Теңіз кен орнында металл құрылғыларына оттан қорғау жабындысын орнатумен айналысуда.



«KSS»-тің кәсіби тобының негізгі міндеті - жобаларды толық және білікті түрде басынан аяғына дейін орындау. «KSS» жаңа технологияларды, заманауи жабдықтарды пайдалануға, жұмыстарды қауіпсіз және сәтті орындау үшін кәсіби кадрларды даярлауға баса назар аударады. «КSS»-тің өндірістік философиясы тәжірибеге, икемділік және инновацияларға негізделген, еңбек пен қоршаған ортаны мұқият қорғаумен өз үндестігін табады.
Кәсіпорында кәсіби тәжірибесі мол, әрі көптеген жобаларды сәтті аяқтаған іскер мамандар еңбек етеді. «КSS» қызметкерлердің кәсіби біліктілігін дамытуға және ұзақ мерзімді мансаптық жоспарлауға мүмкіндік береді. Мұнда FROSIO және NACE талаптарына сай сертификациядан өткен мамандар, «Бұйымдар мен материалдарды тоттанудан, істен шығудан және биозақымданудан қорғау» ЕАЭО ККМ 543 мемлекетаралық техникалық комитетінің (Тәуелсіз мемлекеттер одағы келісіміне қатысушы мемлекеттердің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің жұмыс органы) мүшелері жұмыс істейді.

КомпанияISO 9001-2016, ISO 14001-2016, ISO 14001-2016, ISO 45001 -ға сәйкес, сертификациядан өткен.


Компания өткен жылы FROSIO (қорғаныс жабындары инспекторларын оқыту және сертификаттау жөніндегі Норвегиялық кәсіби кеңес) нұсқасына сәйкес қорғаныс бетін өңдеу жөніндегі инспекторларды оқыту бойынша Қазақстандағы эксклюзивті уәкілетті орган ретінде аккредиттелді.
«Коррозиядан қорғау» атты ұлттық ғылыми-өндірістік орталығы мамандарды «Қорғаныш жабындыларының инспекторы» (Coating Inspector FROSIO) мамандығы бойынша оқытатын болады. Оқудан кейін берілетін сертификат ISO/IEC 17024 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді және әлемнің 80 елінде пайдаға асады.
Компания мен оның қызметкерлерінің ЕҚДБ бағдарламаларына қатысу тәжірибесі бар,әрі олар «AkzoNobel», «PPG», «Carboline» материалдарын өндіруші болып табылады. «KSS» ТШО-дан басқа, еліміздегі мұнай-газ саласының көптеген ірі жобалары үшін де бірқатар тапсырыстар орындады.



Бұған дейін компания «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС салып жатқан Қазақстандағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жобасында жұмыс істеп, жобаны сәтті аяқтады. Осыдан 16 жыл бұрын сапа жөніндегі инспектор қызметін атқарған Жәнібек Шашаев өз қызметін тоттануға қарсы қорғаныспен байланыстырамын деп тіптен ойламаған еді. Өндіріске небәрі 20 жасында ешқандай тәжірибесіз келген ол бүгінде Қазақстандағы ірі мұнай өндіру нысанының кәсіби маманы.

«Болашақта арнайы оқудан өтіп, Frosio қорғаныс жабындысы бойынша инспектор деген халықаралық сертификат алуды жоспарлап отырмын. 16 жыл бұрын осы мамандықты ұстап қаламын деп ойлаған да жоқпын. Енді өзімнің еңбектегі мансабымды тек тоттанудан қорғаныс мамандығымен байланыстырмақпын», - дейді Жәнібек Шашаев.



Көпжылдық тәжірибе мен талдау Қазақстанда осы индустрияның бірнеше негізгі проблемаларыбар екенін көрсетті. Бұл ұлттық нормативтік, әдістемелік және техникалық шешімдердің бірыңғай жүйесінің болмауы, жергілікті білікті мамандардың жетіспеушілігі және тоттанудан қорғау саласында білім беру бағдарламаларының болмауы. Мұнай-газ кешені нысандарының тоттануға қарсы қорғалуын және қызмет ету мерзімін ұзартуды жүзеге асырудың тиімділігі көбінесе қызметкерлердің дайындығы мен кәсібилігіне байланысты екенін түсіне отырып, «KSS» компаниясы сала сарапшыларымен бірлесе отырып, «Тоттанудан қорғау» ұлттық ғылыми-өндірістік орталығын» құрды. Ол ғылыми-техникалық және білім беру ынтымақтастығына бағытталған «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетімен» серіктестік қарым-қатынасты қолдап келеді.
ТШО-мен ынтымақтастық мұнай-газ кешеніне көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың мультипликативтік тиімділігін көрсетуде.

«Khimzaschita Stroy Service» ЖШС-нің ұжымы Қазақстанда индустрияны озық технологиялар мен стандарттарға сәйкес дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Біз жұмысты одан әрі жалғастырып, кеңейтіп, жетілдіргіміз келеді. Себебі ТШО тарапынан қойылатын талаптар артуда, ал біз соған сай болуымыз керек. Жыл сайын қызметкерлерімізді оқытамыз, де қамтушылардан соны талап етеміз. Демек, біздің қамтушыларымыз да кадрларды оқытып, жабдықтарларын жаңартып отырады», - дейді Рашид Тұмарбаев

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему