Поздравления с Новым годом для жителей Мангистау
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 21:53
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Поздравления с Новым годом для жителей Мангистау

31 Декабря 2018 (14:26) | 3361 | Автор: Редакция

Дорогие читатели газеты «Тумба»! В Новый год желаем вам уютного очага и прибыли, новых достижений и познания, реализации и восхождений, покорения вершин, улыбок, радости, прекрасных и судьбоносных свершений. Пусть этот год станет временем только хороших новостей, отменного здоровья и безграничного счастья!

 

  

 

Құрметті маңғыстаулықтар!

2018 жыл Маңғыстау өңірі үшін жағымды жаңалыққа толы жыл. Облысымызда елеулі, тарихи маңызы зор бірнеше айтулы оқиғалар орын алды. Ақтау қаласы өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті. Қаламызда бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірнеше нысандар ашылып, халықтың игілігіне ұсынылды. Келер жылға да зор үмітпен қарап, жақсылықтар күтеміз.

Сіздерді Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашан да әр адамның көңіліне қуаныш, жүрегіне жаңа үміт, сеніміне аппақ арман, сезіміне жылы шуақ ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Сондықтан барша адамзат Жаңа жылға кіршіксіз көңіл, мол сенім, таза ниет, нық қадаммен аттағанды қалайды.

Алдағы жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, жаңа мүмкіндіктермен, ұмытылмас сәттерімен, жағымды жаңалықтарымен, қызықты кездесулерімен, бақытты оқиғаларымен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын болашағы үшін еңбектеніп жүрген барша маңғыстаулықтарымызға мықты денсаулық, бейбіт өмір, таусылмас қуат, шығармашылық табыс, мол жақсылық, отбасына құт-береке тілеймін!

Құрметпен, Рухия Жакенқызы Алдонғарова қоғам қайраткері

 

 

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер,  жоспарларың іске асып, тілектеріңіз орындалсын!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын!

Ерлан Мауленов, ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің басшысы азаматтық қорғау подполковнигі

 

 

Дорогие  земляки, мангистаусцы!

Мне представилась уникальная возможность поздравить вас с  наступающим Новым 2019 годом!  Уходящий год  был   мирным для нас всех,  созидательным, в котором наша страна развивалась  и достигла определенных высот, каждый из нас   достиг своих   целей, мы стали чуточку старше, богаче душевно, кто-то  подрос в должности,   сбылись чьи- то мечты.  Желаю всем,  чтобы год наступающий  мы  встретили  и прожили  под мирным небом, сохранили и приумножили наши истинные ценности, чтобы каждый из нас внес свой позитивный вклад в сохранение мира и  стабильности  в нашем обществе,   справедливости. Желаю всем позитива,  здоровья,  счастья!

Президент Общественного объединения «Мангистауское областное общество по защите прав потребителей»  Рафикова Никар Маликовна.

 

 

Жаңа жылдық құттықтаулар

Санаулы күндерден соң еліміз үшін біраз жақсылықтарға, жетістіктерге толы болған 2018 жылды аяқтап, жаңа 2019 жылға қадам басқалы отырмыз. Әрбір жан төрімізге енгелі отырған жаңа жылға үлкен үміт артады, жаңалықтар, жақсылықтар күтеді, сонымен қатар бір-бірімізге ізгі тілектер арнаймыз. Осындай ақ тілектер арнасын ағытқан Маңғыстау жұртшылығына танымал жандардың жылы лебіздері өздеріңізге арналған, құрметті газет оқырмандары!

-Жеке өзімнің және агенттіктің аумақтық департаментінің атынан сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 

Зор қуанышпен асыға күтетін, жаңа мақсат-міндеттер белгілейтін және болашақтан үміт күттіретін ұлы мерекенің бірі - Жаңа жыл.

Өтіп бара жатқан 2018 жыл Маңғыстау үшін елеулі жетістіктер мен толағай табыстарға толы болды. Алдағы уақытта облысымыздың игілігі үшін атқаратын істер көп. Есігін ашқалы тұрған 2019 жыл отбасыларыңызға ырыс пен береке, қуаныш пен шаттық, елімізге бейбітшілік пен молшылық әкеліп, Маңғыстау облысы халқының мерейі арта берсін.Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен, Нұргүл Жанназарова ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы,  Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы

 

 

Дорогие мангистаусцы!

Поздравляю вас с Новым годом!

Пусть в новом году всё получается, сбывается, греет, реализуется, лучится, радует и приносит каждый день повод для улыбки. Пусть этот год подарит массу возможностей и красивых идей, счастливых случаев и добрых мгновений и пусть в нашем доме Мангистау будет мир и стабильность!

Директор баскетбольного клуба «Каспий» Рушания Елизарова

 

 

 

Сіздерді есік қаққалы тұрған 2019 Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Жаңа жыл бәріміз үшін ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді дана халқымыз. Өйткені келешектен жақсылық күту адам баласына тән қасиет. 2018 жыл өңіріміз үшін жетістіктерге толы жыл болды. Жыл сайын еліміз дамып, өркендеп келеді. Жыл соңында ең құнды байлығымыз – Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын тойладық. Бейбіт күннің, татулықтың темірқазағындай ең басты құндылығы - бекем бірлік пен тұтастығымыз. Бастысы, Еліміз тыныш, жұртымыз аман.

Ежелден Еркіндікті аңсаған елдің ең асыл мұраты – еңселі ел болу. Міне, Тәуелсіздіктің туын желбіреткен 27 жылда еліміз саяси тұрақтылық пен өсіп өркендеу жолына түсті. Еліміздің Егемендігін нығайтуда экономикалық, мәдени-рухани реформалар арқылы әлемдік өркениетке қадам басуға мүмкіндік алдық. Ширек ғасырдан аттаған шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде әлемге танытты. Әрбір Қазақстан азаматы үшін «Ит» жылы өзіндік ерекшеліктерімен есте қалатыны сөзсіз. Төрімізге енгелі отырған «Доңыз» жылынан жарқын жаңалықтар күтетініміз ақиқат. Бақ бастауы – Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Еліміз - аман, жұртымыз -- тыныш болып, әрбір шаңырақта шаттық, береке орнасын. Баршаңызға мол табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Жаңа жыл игі істермен, қуанышты, жарқын оқиғалармен басталып, арман- тілектеріңіз орындалатын жыл болсын! Әр шаңырақта, молшылық, сүйіспеншілік, келісім, береке, бірлік орнағай!

Сәкен Қасымов «ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті»ММ-нің басшысы

 

 

Дорогие мангистаусцы, с Новым годом!

Пусть всё, о чём мечтаете, исполнится, а год принесет приятные сюрпризы, душевное спокойствие, стабильность, верность, удачу, счастье и успех.

Желаю, чтобы этот год стал временем больших удач, богатырского здоровья и семейного счастья!

Президент Мангистауской областной федерации тайского бокса Игорь Гараджев

 

 

Құрметті маңғыстаулықтар!

Сіздерді Жаңа 2019 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын!

Жаңа жыл - адамзат жүрегіне жаңа үміт, аппақ армандар ұялатып, үлкен мақсаттарға қол создыратын мереке. Баршамыз өткенді ой елегінен өткізіп, салауат айтып, жаңа жылға ізгі ниетпен, мол сеніммен нық қадам жасаймыз. Өтіп бара жатқан жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп! Сондықтан да жаңа жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты шақтарымен қуантсын!

Жаңа жылдың жағымды жаңалықтары мен телегей табысы мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін! Жаңа жыл мерекелі, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін! Әр отбасы үшін ырыс пен ризығы мол жыл болсын!

Жаңа жылда шағын және орта бизнес қарқынды дамып, әр кәсіпкер жаңа белестерді бағындырып, табысты болуына тілектеспін!

Сондай-ақ, «Тумба» газеті үшін жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік жетістіктер, оң өзгерістер, жарқын кездесулер, қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

Құрметпен, Нұрбек Қарасаев Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры

 

 

Құрметті, Ақтау қаласының тұрғындары!

Өздеріңізді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау мүмкіндігі бұйырғанына қуаныштымын. 2018 жыл өзім және отбасым үшін жақсы, құтты, берекелі жыл болды. Экономикалық лицейдің 9 сыныбын үздік куәлікпен тәмамдаған ұлым білім көкжиегін бағындырудағы зор жетістігімен қуантса, жыл соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесім үшін қала әкімінің қолынан «Ақтау қаласына-50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталып, денсаулық саласындағы ұзақ жылғы еңбегімнің еленгені мен үшін зор қуаныш болды.

Жаңа жылда әрбір шаңыраққа – шаттық, дендеріңізге-саулық, отбасыларыңызға құт-береке, молшылық, еңбектеріңізге – толағай табыстар тілей отырып, аңсаған армандарыңыз орындалып, көздеген мақсаттарыңызға жетуіңізге, келер жылдың сіздерге көл-көсір ырыс-несібесімен, мол ризығымен келуіне тілек қосамын.

Ізгі тілекпен, Жанар Ахмедова Ақтау қалалық №1 емханасының пульмонолог дәрігері

 

 

Құрметті маңғыстаулықтар!

2018 жыл бойынша Өсімдіктер карантинi саласындағы зандылықтарға сәйкес, облыс аумағында мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау жане қадағалау жұмыстары күшейтiлiп, сол мақсатта түсiндiру жұмыстары, семинарлар жүргiзiлдi, сыбайлас жемқорлық фактiлерi тiркелген жоқ

2019 жылда осімдiктер карантинi саласын дамыту, мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды күшейту мақсатында техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, Агроонеркәсiптік кешенi саласын дамыту көзделуде.

 2018 жыл мен үшін табысты болды десем, артық айтқаным емес. Ғұмырымның жартысынан астамы осы киелі өлкеде өтті, ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек еттім. Еңбегім еленіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталдым. Мен үшін бұдан асқан мақтаудың қажеті жоқ.

   Жаңа жыл да жарқырай жадырап, сәулелі нұрын шашып, үміт отын тұтатып табалдырықты аттауда.

  Жаңа 2019 жылда еңбекте - табыстылықты, жүректе - тыныштықты, денсаулықта -мықтылықты, дастарханда  - молшылықты тілеймін.

  Жаңа жыл құтты болсын!         

Жаңабай Амантурлыев ҚР АШМ Агрөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушысы

 

Фото журналистов «Тумбы»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему