Халыққа қолжетімді болу үшін
8 Июля 2015 (17:52) | 1934 | Автор: Нұрганым Имашева
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті азаматтар үшін «Ақпараттық сервис» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін іске қосқан болатын.
Енді тұрғындар интернет желісі арқылы http://service.pravstat.kz мекен-жайы бойынша қажетті қолжетімді ақпараттармен толыққанды таныса алады.
Бұл туралы ақпаратты ұсынған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Медет Жұманов:
-Бас прокуратураның инновациялық мүмкіндіктеріне қолжеткізудің бірыңғай нүктесі болып табылатын «Ақпараттық сервис» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері көп. Сервис арқылы ҚР-ның азаматтары электрондық цифрлық қолтаңбасымен онлайн режимінде әкімшілік айыппұлдардың болуы туралы мәліметті, қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламалар бойынша қылмыстық істі қозғау туралы шешімдердің уақытылы тіркелуін және қабылдануын бақылап, мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін уақытылы қарауын қадағалай алады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің «Бизнес тірегі» жобасының аясында бизнес субъектілеріне тексеру тағайындау туралы қаулының тіркелуін тексеруге мүмкіндіктері бар. Бұдан бөлек, «Оларды балалары іздейді» бөлімінде алимент төлеуден жалтарған және соттардың ұйғарымының негізінде іздеуде жүрген азаматтардың деректері орналасқан,-деп мәлімдеді.
Аға прокурордың айтуынша, «Ең алдымен, бұл бөлім алимент өндіріп алушыларға борышкердің іздеуде жүргеніне көз жеткізуге, сонымен қатар жұмыс берушілер немесе осы мәселеге немқұрайлы қарамайтын азаматтар таныған жағдайда жасырынып жүрген борышкердің өмір сүру жағдайы және жұмыс орны туралы сот орындаушыларына хабарлауларына мүмкіндік береді.
Ал, «Анықтамаларды тексеру» бөлімі арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы немесе болмауы туралы берілген анықтамаларды тексеруге болады.
Сондай-ақ, бұл сайтта Комитеттің «Қылмыстылық картасы» және «Жол апаттық картасы», «Кәмелетке толмағандар картасы» және «Адамдар өтініштерінің картасы» геоақпараттық жүйелері топтастырылған.
Карталар кез келген уақыт аралығында Қазақстан бойынша, сондай-ақ нақты облыс орталығындағы, тіпті көшелері мен үйлеріне дейін қылмыс ең көп жасалатын аудандарды, сонымен қатар елді мекендер мен жолдардағы ең апатты жерлерді көрнекі етіп көрсетеді».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему