Жолаушылар ұшағының ішкі бөлігі толық өртенген
Курс валют в Актау
на 18/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
18 Ноября, 07:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жолаушылар ұшағының ішкі бөлігі толық өртенген

18 Июня 2015 (19:07) | 2102 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтау әуежайындағы ұшақтың өртенуіне ондағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Маңғыстау облыстық көлік прокуратурасы қылмыстық кодекстің 344 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Апатқа кінәлі тұлғалар анықталар болса, оларды 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Бүгін сондай-ақ істің ақ-қарасын анықтау үшін Астанадан арнайы құрылған республикалық комиссия өкілдері де келді.

 

2015 жылғы 16 маусымда Ақтау әуежайының 202 тұрағында ұшақтың өртенуі оқиғасының хронологиясы. Мұны Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов ұсынды.

 

СКАТ авиакомпаниясының Боинг-737 ұшағы DV 742 «Астана - Ақтау» бағыты бойынша рейсті орындаған, Ақтау әуежайына жергілікті уақытпен 18 сағ. 18 минутта ұшып қонған. Осы ӘК келесі сапарға Минеральные Воды қаласына ұшуы қажет еді. Бортта 123 жолаушылар мен 1588 кг жүк болды. Жүктер ұшақтың артқы жүк бөлігінде орналасқан.

 

Тәуліктік ұшу жоспарына сәйкес, ұшақ 202 тұраққа телескопиялық траптың жанына 18 сағ.24 минутта орналастырылған. Жолаушыларды түсіру штатты режимде жүргізілді. Жүкті түсіп шығару уақытында, шамамен 18 сағ. 30 минута, СКАТ авиакомпаниясының техникалық құрамы алдыңғы жүк бөлігінде жұмыстар жүргізген, редукторлы оттегі баллонын және ӘК-нің оттегі жүйесі үшін арналған қуаттағыш құрылғысын пайдаланған.

 

1-2 минуттан соң қатты тарс еткен дауыс естілді. Ұшақтың артқы жүк бөлігінде жүктерді түсіріп жатқан перрондағы жұмысшылар ұшақтан шығып кетті. Қатты дауыстың шығу себебі алдын - ала болжам бойынша, жүк бөлімінің алдыңғы қалқанында орналасқан оттегі баллонының жарылуы. СКАТ авиакомпаниясының техникалық құрамы алдыңғы жүк бөлігінен шығып кетті және ПҚҚ (перронда қызмет көрсету қызметі) агентінің қатысуымен тұрақтағы ОПУ-100 көмегімен өртенген жерді тоқтатуға тырысты. Бұл әрекеттер тиімсіз болды.

 

Сағат 18.32-де «КАН» АФ РМ «Горн» жүйесі бойынша, осы мекеменің қызметкері Данилко 202 тұрақта ӘК-нің өртеніп жатқаны туралы хабарлап айтты. Әуежайдың өрт сөндіру тобы, мөлшері 4 бірлікпен 202 тұраққа 18 сағ. 36 минутта келді және тез арада қызыл жалынды өртенген жерді сөндіруге кірісті.

 

Өрт сөндірушілердің сауатты іс – қимылының арқасында, 15 минутта өртенген жер толық сөндірілді. ӘК-нің ұшу қанатының жазықтығында орналасқан қалған авиаотынның өртенуі алдын – алынды.

Нәтижесінде:

 

1. Ұшақтың ішкі бөлігі толық өртенген.

2. 20 кв.м фюзеляждың қаптамасы өртенген.

3. ӘК-нің өртенуі кезінде, терминалдың Телескопиялық трапына (Gate-202) қатты зақым келді. Зақымданудың құнын есептеу жүргізіліп жатыр.

4. Осы болған оқиға ҚР ИжДМ Азаматтық авиация Комитетінің комиссиясымен тексеріледі. Комиссия бүгін келеді деп күтілуде

 

Оқиғаға орай, Скат компаниясы қызметкерлерінің жауабы:

Виктория Ульянова, «SCAT» әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

-Жолаушылар да, қызметкерлер де дін аман. Ұшақ Ақтау әуежайында біраз аялдаған соң Ресейдің Минводы қаласына қайта ұшып кетуі тиіс болатын.107 жолаушыны діттеген жеріне жеткізу үшін компания резервтегі әуе кемесін іске қосады. «Ақтау-Минеральные Воды» рейсі ұшу мерзімінен 40 минут кешігіп көкке көтерілді. Бүгінгі таңда ұшақтарымыз кестеге сай, ұшып, қонуда. Қазір өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

 

Отқа оранған ұшақтың алдағы тағдыры белгісіз. Жөндеуге жарамды, жарамсыздығын тексеру жұмыстарынан соң белгілі болады, дейді әуе компаниясының қызметкерлері.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему