Пітір садақаның мөлшері – 200 теңге
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 03:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Пітір садақаның мөлшері – 200 теңге

16 Июня 2015 (16:32) | 1882 | Автор: Мира Ботабекова

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Рамазан айының жақындауына орай баспасөз мәслихаты өткізілді. Жиында өкіл имам С.Сейтбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне рамазан айы туралы кеңінен түсінік беріп, бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының құттықтауын жеткізіп, Үндеуін таныстырды. Сондай-ақ, өңірдегі мешіттердің рамазан айында атқаратын іс - шараларына тоқталып өтті.

 

 

Журналистер тарапынан қойылған биылғы пітір - садақаның мөлшері, Қадір түні туралы сұрақтарға жауап берген облыс имамы С.Сейтбеков ҚМДБ бас мүфтиінің тапсырмасына орай, бүгінгі таңда рамазанға қызу дайындық жүріп жатқанын сөз етті.

 

«Рамазан айының құрметіне арналған шаралар легі басталып та кетті. Қала көшелеріне билбордтар ілініп, баннерлер орнатылуда. Қоғамдық көліктерге рамазан айы туралы афишалар ілетін боламыз. Халыққа тегін тарату үшін 15 мың данамен Рамазан кестесі даярланып жатыр»,- деді С.Сейтбеков.

 

Жыл сайынғы үрдіспен биыл да мешіт ауласына 3 киіз үй тігіліп, оның екеуі мешіт жамағатына, енді біреуі арнайы шақырылатын қонақтарға арналмақ. Күн сайын киіз үйлер ішінде ауызашар дастархандары жайылып, өзге ұлт, дін өкілдері, әр түрлі сала мамандары, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы жанұялар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері шақырылады. Мұның барлығы ҚМДБ тарапынан бекітіліп, бұйырылған іс –шаралар аясында жүзеге аспақ.

 

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы Үндеуінде қайырымдылық істерді жасауға көп көңіл бөліп отыр. Осыған орай барлық мұсылмандарды тарыққанға тіреу, жабыққанға сүйеу болып, мұқтаждарға, жетім мен жесірлерге сауапты іс көрсетуге шақырамыз!»- деді өкіл имам.

 

Жиын соңында бас имам Рамазан айының берекелі де нығметті болуына тілектестік білдіріп, 17 маусым күні тарауих намазы оқылып, 18 маусым күні мұсылмандар жамағаты қасиетті ай рамазанды қарсы алатындығын айтты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему