Ақтауда қоқыс уақытылы шығарылуда
8 Августа 2022 (16:37) | 1918 | Автор: Редакция
Ақтауда қоқыс жинаумен айналысатын "Caspiy Operating" ЖШС жұмысшылары штаттық режимде жасауда, техникалар түгел жұмылдырылған, деп хабарлайды облыстық қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпорын директорының айтуынша, қоқыс шығаруда техниканың тозғандығы жиі кедергі болады.
"Күн сайын 6-7 бірлік техникадан ақау шығып, жөндеу жұмыстарына тұрып қалады. Ескі тариф бойынша жұмыс істегендіктен, біз шығынға ұшырап отырмыз. Автобөлшектерді сырттан алдырамыз, сондықтан қымбатқа шығады", - деді "Caspiy Operating" ЖШС Әділет Пірімқұлов.
Спикердің айтуынша, жазда сусындар, балмұздақ, фаст-фуд және басқа да заттарды тұтыну айтарлықтай артады. Сондықтан қоқыс контейнерлері тез толып қалады.
"Бүгін 8 тамызда барлық техника шығарылды, кәсіпорын штаттық режимде жұмыс жүргізуде, қоқыс шығарудағы кедергілер толығымен жойылды", - деп атап өтті Ә. Пірімқұлов.
Қала басшылығы тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему