Ірі қалалар халықаралық Ассамблеясының кезекті сессиясы Ақтауда өтеді
8 Июня 2015 (14:42) | 1816 | Автор: Мира Ботабекова
2015 жылы 15-17 маусым күндері аралығында Ақтау қаласында Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының кезекті ХХIII сессиясы мен «Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында (ТКШ) жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында Халықаралық конференциясы өтеді.
Ақтауда өтетін конференцияға АХА ұйымына мүше қалалардың мэрлері, ТМД атқарушы комитетінің өкілдері, инфрақұрылым және құрылыс, инвестиция мен қаржы салаларындағы ғалымдар, мамандар қатысып, конференция тақырыбына сәйкес өзекті мәселелерді талқылайтын болады. Халықаралық шараның бағдарламасы аясында ұйымның сессиясы, конференция жұмысы, есептік отырысы, құрылыс пен ТКШ саласы бойынша көрме және осы бағытта бірқатар нысандар бойынша шара қонақтарына арнайы тур ұйымдастыру көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразиялық Экономикалық Одақтың негізгі мақсатынан туындайтын міндеттерді іске асыруда жергілікті биліктің алатын орны ерекше. Өйткені, аймақтар мен қалалардың экономикалық, гуманитарлық бағыттағы тығыз қарым-қатынастары – интеграциялық үдерістерді дамытудың негізгі факторларының бірі.
Сонымен қатар, қалалардың бір-бірінің іс-тәжірибелерін насихаттау үшін бас қосуға мүмкіндік туғызатын пікір алмасу алаңдарын өткізу, қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды оңтайлы шешуге, соның ішінде инновациялық технологияларды құрылыс, коммуналдық-шаруашылық салаларына енгізудің жолдарын бірігіп іздеуге ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Бұл бағытта Ақтау қаласы әкімдігінің тарапынан соңғы жылдары қарқынды жұмыс жасалуда. Халықаралық байланыстар саласында оң өзгерістерге қол жеткізілді. Бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүшелікке қабылданған Ақтау қаласы 2014 жылы ТМД мемлекеттері арасынан 2-ші, Орталық Азия елдері ішінде алғаш болып Бүкіләлемдік мұралар қалалары ұйымының 7-ші Халықаралық конференциясын өткізді.
Биылғы 2015 жылы 15-17 маусым күндері аралығында Ақтауда «Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясы» ұйымының мүшесі ретінде аталған халықаралық ұйымның кезекті ХХIII сессиясы мен «Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында (ТКШ) жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында Халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.
23-қаңтар күні Мәскеу қаласында Ассамблея Басқармасының кеңейтілген отырысында Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршин мен Ассамблеяның атқарушы вице-президенті, ұйымның бас директоры В.Селиванов Ақтауда АХА ұйымының кезекті ХХIII сессиясы мен халықаралық конференциясын ұйымдастыру мен өткізуде өзара міндеттемелер жөніндегі Келісімге қол қойды. Сондай-ақ, осы жиында Ассамблеяның «Город, где хочется жить» - 2014 VІІ Халықаралық ЕурАзЭҚ және ТМД қалаларының тәжірибесі байқауының нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Ақтау қаласы ұлтаралық келісімді нығайту мен дамытуда «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобасын, қала тұрғындарының денсаулығын нығайту мен спортқа тартуда футзал бойынша дәстүрлі қалалық ашық чемпионатын ұйымдастырып, өткізгені және «Е-регион» автоматтандырылған басқару жүйесін енгізгені үшін арнайы дипломмен марапатталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему