«Алимент қарыз емес-парыз» акциясы өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 00:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Алимент қарыз емес-парыз» акциясы өтті

3 Июня 2015 (11:34) | 3281 | Автор: Редакция

Облыс орталығының «Астана» сауда орталығына қарама-қарсы теңіз жағалауында қалалық прокуратурасының бастамасымен «Алимент қарыз емес-парыз» тақырыбындағы кең көлемді акция ұйымдастырылды. Шараны өткізуге Ақтау қалалық жастар саясаты орталығы белсене қатысты.

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы құқық қорғау органдарына ана мен баланың құқығын қорғауға бағытталған шараларды пәрменді түрде жүргізу міндетін жүктегені белгілі.

 

Елбасының тапсырмасын орындау жолында құқыққорғау органдары алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің жауаптылығын арттырып, оларды анықтау жолында қанша жұмыстанып жүрсе де, бұл мәселе қазіргі кезде қоғамның «дертіне» айналып отыр. Яғни, бұл бағыттағы атқарылған қыруар жұмыстарға қарамастан, бауыр еті-балаларына жаны ашымайтын безбүйрек әкелердің жауапкерсіз әрекеті салдарынан қаншама баланың құқығы қорғалмай, борышкерлер сот актілерін қасақана орындамай отырғандығы анық. Осы күрделі мәселенің күрмеуін шешуді мақсат еткен Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері бұл мәселені күн тәртібінен үнемі түсірмей, құзырлы органдармен бірлескен іс-әрекеттер мен түрлі шаралар атқару арқылы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғауды пәрменді түрде жүргізуде.

 

Ұйымдастырылған шараның мақсаты жайлы сауалымызға Ақтау қаласы прокурорының аға көмекшісі Дюсенова Айнұр Мадинарқызы: «Қалалық прокуратураның бастамасымен жастар саясаты орталығымен бірлесіп ұйымдастырылып отырған бұл акцияның негізгі мақсаты-алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкердің өз балалары алдындағы әкелік парызын орындауға деген жауапкершілік сезімдерін, ар-ұятын ояту, алимент бойынша қарыздарды азайтып, алиментке мұқтаж балалардың құқықтарын қорғау.

 

Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сай, Ақтау қаласы бойынша алимент төлеуден жалтарып жүрген 4 000-ға жуық борышкер тіркелген. Осы тізімдегі 300-ден аса борышкердің төлемеген қарызы 10 млн.теңгеге жуық соманы құрайды. Борышкер әкелер әртүрлі себептерді желеу етіп, өз балалары алдындағы әкелік парызын ұмытып, жауапкершіліктен жалтаруда. Алайда олар заңның құрығынан құтылып кете алмайтыны анық. Борышкер атанып, алимент төлеуден қашқан азаматтардың көпшілігі «қара тізімге» ілініп те үлгерді. Бүгінде олардың кейбірі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Қазіргі таңда Ақтау қаласының ІІБ-мен 30-ға жуық борышкердің ісі сотқа дейінгі тергеуде. Алынған шаралардың нәтижесінде бүгінде 3 млн. теңгеден аса алимент өндірілді.

 

Прокуратура қызметкерлерімен бірге бүгінгі шараға қатысушы жастар қоғамды жайлаған өзекті мәселеге деген өздерінің азаматтық көзқарастарын танытып, қала тұрғындары арасында жауапкершілігі төмен әкелердің әрекетінен зардап шегіп отырған алименттік төлемдерге мұқтаж балалардың құқығын қорғауға өз үлестерін қосуда.

 

Олар халық арасында «АЛИМЕНТТІ ТӨЛЕҢІЗ» деген жазуы бар ақпараттық-насихат парақшаларын тарату арқылы өз балаларын ұмытқан «көкек-әкелердің» ар-намысын оятуды мақсат етуде»,-деп мәлімдеді.

 

Акция кезінде қалалық жастар орталығының белсенді мүшесіне айналған шараға қатысушы колледж студенттері белсенділік танытты. Өздерінің батыл қадамдары арқылы белсенді жастар қоғамның «дертіне» айналған мәселеге бей-жай қарамай, азаматтық көзқарастарын батыл таныта отырып, қала тұрғындарын қоғамды жайлаған өзекті мәселені шешуге белсене атсалысуға, борышкер-әкелердің жауапкершіліктерін ояту арқылы, алименттік төлемдердің түсуін күткен қаншама балалардың заңды құқығын қорғауға үлес қосу қажеттігіне көпшіліктің назарын аударуға тырысты.

 

Шара барысында аталмыш мәселенің өзектілігін ұғынатын көптеген қала тұрғындары құзыретті органдар тарапынан осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуын дұрыс деп санайтындарын айтып, өздерінің мұндай қадамды қолдайтындықтарын білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Әділбек, 3 Июня 2015 (12:32)
0 0
Құрметті БАҚ өкілдері! Бұл статьяда неліктен тек қана әкелер немесе әкелік борыш деп жазылған? Сол борышкерлердің арасында қарыздарын өтемей жүрген аналарда бар емеспе? Әлде, бұл априори әкелер қандай жағдай болмасын кінәлі деп танитын көзқараспа? Менің басымнан мұндай жағдай өтті, әрине сот мәжілісінде менің әке ретінде келтірген уәждерім сот назарына алынбады. Менің уақытша жұмыссыз жүруіме байланысты мені қылмыскер деп танып бас бостандығыма шектеу қойды. Қазіргі таңда мен өз жазамды толықтай өтедім. Менің айтайын дегенім өзекті мәселе. Неліктен бұрынғы КСРО уақытында қалыптасып кеткен көзқарас осы күнге дейін жалғасып келеді. Менің, балдарымды өз тәрбиеме алайын, әрине аналарынан ешқандай алимент талап етпеймін деген сөздерім сот құлағына естілмей, назарға алынбай қалды. Менің ″қазақшылыққа″ салып қол хат алмай беріп жүрген қаражаттарым сот мәжілісінде барлығы дәлелсіз деп танылып маған жаза қолданды. Сонда мен өз балдарымнан дүкенге барып киім-кешек алып бергенім үшін қол хат жаздырып алуым керекпе еді? Сот маған Сіз қазіргі таңда уақытша жұмыссыз жүрсіз, сондықтан балаларды Сіздің тәрбиеңізге бере алмаймыз дегені қалай сонда? О бастан ата-аналық міндет әкегеде шешегеде жүктелген емеспе, сонда неліктен мұндай теңсіздік туындайды? Қазір менің ай сайын төлеп отырған қаражатым Құдайға шүкір бір адамның орташа жалақысынан асады, ал бірақ менің сол қаражат шынайы түрде балаларымның қажеттілігіне жұмсалып отырғанына мен көз жеткізе алмаймын. Заң жазылғанда бәріне бірдей сияқты, ал бірақ іс жүзінде орындағанда теңсіздіктер көп. Менің өзімді ақтайын немесе өзіме бір аяныш сезім шақыру мақсатында жазып отырғаным емес. Мен басымнан өткен жағдай маған Алла жіберген өмірлік сынағы деп танимын. Ол үшінде рахметімді айтамын! Менің ашынатыным неліктен сендерде БАҚ өкілдері алдын-ала әкелер, әке борышы деп жазасыңыздар? Сонда бұл статьяның мәтіні бойынша аналарда ешқандай міндетте немесе борышта жоқпа? Неге әке-шешен немесе борышкер деп жазбасқа? Осындай әлеуметтік теңсіздік адам арасында араздасу тудырады емеспе? Әйел адам затында осыдан кейін бір жақты көзқарас қалыптасып қалады емеспе? Соңына дейін оқып шыдам білдіргендеріңіз үшін РАХМЕТ!
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему