Бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Аманғалиевке қатысты сот үкімі жарияланды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 01:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Аманғалиевке қатысты сот үкімі жарияланды

27 Августа 2019 (16:57) | 1754 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған С.Аманғалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4 бөлігімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Серік Аманғалиев мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметіне қарсы аса ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша 05.11.2018 жылы сот санкциясымен қамауға алынған.

 

Яғни, ол 3.11.2018 жылы сағат 18.40 шамасында Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай территориясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлеріне ұсталып, С.Аманғалиевтан 115 000 еуро көлемінде ақшалай қаражат табылған.

 

Сот үкімімен С.Аманғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы 2 бөлігіне сай, ҚР Президентіне С.Аманғалиевті «Құрмет» ордені наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

 

Қылмыс орнында алынған 115 000 еуро көлеміндегі ақшалай қаражат мемлекет кірісіне алынды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Сурет krg.sud.kz және egemen.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему