Бөбектерге қуаныш сыйлады
2 Июня 2015 (15:38) | 1860 | Автор: Нұрганым Имашева
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері Маңғыстау облысының «Мамандандырылған балалар үйінде» болып, бөбектерге арнайы дайындап әкелген сый-сияпаттарын жасады.
«Жетім көрсең-жебей жүр» деген халқымыздың дана сөзі қай заманда да өз маңызын жойған емес. Себебі тарихтың қай кезеңін алып қарасақ та, қандай қоғам болса да ата-ананың жылы алақанын сезіне алмай өскен жетім балалар болған, қазіргі кезде де еліміз бойынша балалар үйіндегі олардың саны көбеймесе, азаймай отырғаны белігілі.
Қамқор аға-әпкелерінің сыйлаған әдемі ойыншықтары мен тәттілеріне разы болған сәбилер өздері жаттаған тақпақтарын айтып, ән салып, сүйкімді қылықтарымен, өнерлерімен меймандардың көңілдерін бір жадыратып тастады.
Ақтау қаласының прокуроры Талғат Айтбайұлы Әлібаев:
-Мереке күні балаларды қуантуды мақсат тұтып, жыл сайынғы дәстүрлі кездесуге орай бөбектерге арнаған сыйлықтарымызды ала келдік. Жалпы тек қана мереке күнінде емес, мүмкіндігімізше, мүгедектер және балғындарға көмегімізді көрсетуді әрдайым өз міндетіміз санаймыз.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған сәбилер мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынғанмен олар ересектердің мейірімі мен жан жылуына әрқашан зәру.
Егемен еліміздің ертеңгі күнгі тізгінін ұстар келешегі-жас өрендер өнегелі тәрбие алып, лайықты азамат болып өсуіне тілектеспіз»,-деді.
Балалар үйінің бас дәрігері Светлана Баубекқызы Жұбантурлиева тәрбиеленушілерге жасалған қамқорлықтары мен сый-сияпаттары үшін қалалық прокуратура қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему