Тарих тағылымына арналған еңбек
Курс валют в Актау
на 15/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
15 Мая, 03:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тарих тағылымына арналған еңбек

2 Июня 2015 (09:40) | 1952 | Автор: Нұрганым Имашева

Жыл сайын мамырдың 31-і күні елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы осыатаулы күнге арналды. Жиынға аталмыш Кеңестің мүшелері, аймақтың ақын-жазушылары, өзге де зиялы қауым өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық мәдениет басқармасының, бірқатар қоғамдықұйымдардың басшылары мен мамандары, партия ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

                 

КСРО тарихындағы қаралы парақтар болып жазылған саяси қуғындау жылдары (1930-1933, 1933-1935, 1935-1938) бүтін ел халқы үшін қасіретке толы кезең болғаны белгілі. Аталған басқосуда алғашқы болып сөз алған "Мирас" қоғамдық кеңесінің хатшысы, журналист Есберген Іңірбайұлы өзінің «Саяси қуғын-сүргіннің тарихи тағылымдары» тақырыбындағы баяндамасында зұлмат жылдардың қазақ еліне әкелген орасан зор қайғы-қасіретінің орны толмас өкініштері мен үлкен шығыны, тоталитарлық жүйенің солақай саясатының әртүрлі халықтардың басына салған зардабына тоқтала отырып, «Тек Қазақстанға 1936-1957 жылдары 800 000 неміс, 102 000 поляк, 19 000 кәріс, 507 солтүстік кавказ халықтарының өкілдері жер аударылған, Қырым татарлары, түріктер, гректер де елімізге өз еркімен келмегені белгілі. Осындай саяси қуғын-сүргіннің зардабы біздің өлкемізге де тигені анық. Жалпы, біз тарихты өзгенің көзімен емес, өзіміздің жүрек түбінен шыққан сөзімізбен, тарихи деректерге сүйене отырып, тарихи шындықты жазуға тиістіміз»,-деп, деректерді келтіре отырып,өз ойымен бөлісті.

                 

Сөз кезегі тигенде танымал өлкетанушы, «Өрлеу» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері, өлке зерттеушісі Мұрат Ақмырзаев та ел тарихындағы ақтаңдаққа айналған репрессия жылдарындағы елі үшін күрескен батыр бабалардың ерлігі туралы еңбектердің бүгінгі ұрпақ үшін тағылымы мол, өнегелі іс екеніне тоқталып, тәуелсіз елдің ұланы осындай туындыларды оқу арқылы тарихтан сабақ алып, ар-намысты биік ұстап, бабалар өсиетіне лайық болатыны туралы ойын ортаға салды.

                 

Мұнан соң жиында өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Маңғыстау жерінде болған қуғын-сүргін оқиғалары туралы өлкеге танымал қаламгер, айтыс ақыны Қамбар Оразовтың "Төрткүл-есік, Қарой-бесік" атты кітабының тұсауы кесілді.

                 

Аталмыш еңбегін жазуға 4,5 жыл уақытын жұмсаған ақынның бұл кітабы-алғашқы туындысы. Тумысынан өнерпаз Қамбар Оразов қалам мен қағазға жүгініп, Маңғыстаудың шежірелітарихы, батырлардың өр рухы, өткеннің өнегесі мен ащы сабағы туралы білген-түйгенін, ой-толғамын өзіндік көзқарас тұрғысында оқырманға жеткізуді мақсат тұтады.

                 

Жинақта Маңғыстау халқына үлкен қасірет әкелген ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында болған оқиғалар жөнінде тың деректер келтіріліп, босқыншылық, халықтың қиын тұрмыс-тіршілігі, белгілі ел азаматтары мен олардың оң-теріс іс-әрекеттері жайында бүркемеленіп келген біраз шындықтың беті ашылған.

                 

Осы кітапты жазып шығу үшін авторға көптеген жылдар тынымсыз ізденуге, бірталай жерлерге барып, ескілікті шежіреәңгімелерді көп білетін жасы үлкенкісілермен кездесіп, қажет мәліметтерді анықтауға тура келген. 6-7 жасынан әкесі Шеке батырдың басынан кешкен оқиғаларын көзімен көріп өскен туынды авторы, оқиғаны тың деректерге сүйене отырып, 20-сыншы 30-ыншы жылдары орын алған тоталитарлық жүйенің салдарынан, қудалаудың әсерінен зардап шеккендер, босқыншылық, халықтың қиын тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды.

                 

-Бүгінгі ұрпаққа өткеніміз өнеге болсын деген ниетпен соншама тер төккен еңбегіміз еш кетпей, туған елі мен жерінің азаттығы үшін арпалысып өткен батыр бабалардың және олардың ұрпақтарының бастан кешкен тарихын білуге құмар оқырмандарға титтей де болса пайдасын тигізіп жатса, мақсатымның орындалғаны деп білемін,-деді кітаптың авторы ақын Қамбар Оразов журналистердің сауалына берген жауабында.

 

 Кітапты оқып шыққан қоғамдық кеңес мүшелері оған  өте құнды кітап деген баға берді.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему