Қалалық «Ән салу» үйірмесінің шығармашылық концерті өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қалалық «Ән салу» үйірмесінің шығармашылық концерті өтті

25 Мая 2015 (11:54) | 3672 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Бала тәрбиесі-баршаның ісі. Ел болашағы үшін еңбек етіп, жас жеткіншектердің сабақтан тыс бос уақытын үнемді пайдалануда эстетикалық білім, жақсы тәрбие беру ісінде ерекше еңбегі бар шығармашыл, ізденімпаз, еңбекқор ұстаз бар. Ол қалалық «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызы. Ұстаздың еңбегін бағалап, оған құрмет көрсету-шәкірттің міндеті болса, ұстаздың әрбір ісіне түсінушілікпен қара, қол ұшын беру ата-ананың міндеті екені баршаға мәлім.

 

«Бұлақ көрсең көзін аш» демей ме атам қазақ. Жуырда қалалық «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызының ұйымдастыруымен Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында әнші Ұлболсын және шәкірттерінің қатысуымен «Ән шырақ» атты жас әншілердің шығармашылық концерті болып өтті

 

 Кеш шымылдығын Әсем Жоланова ата-аналарға арнаған өлең жолдарымен ашып, кейін ата-аналар атынан сөз кезегін алған Елдашбаева Қызылгүл жас әншілермен ұстазы Ұлболсын Хамзақызына әсерлі айтылған әдемі ой мен ақ баталы тілегін жолдады. Концерттің беташары Мақтаншақ қыз қойылымы желісімен ашылып әрі қарайәзілқой«Әжелер» көрінісімен жалғасын тауып, олардың немересі болып ойнаған «Балауса» вокалдық тобының әншісі Аружан Ғинаят «Жақсы көрем» әнін тамылжыта орындады, облыстық «Қазақ жырының Қадыры» поэзиялық кешінде Алғыс хатпен марапатталған «Шырай» вокалдық тобы «Әже туралы» әнін шырқап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

 

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

 

 Балалардың бақыты үшін жаралған-деген өлең жолдарымен сахна төріне шақырылған «Ән салу» үйірмесінің жетекшісі Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызы жергілікті сазгер, ақын Қуантқан Вановтың «Ұлы той» әнімен және облыстық сазгерлер сайысында ІІ-орынды лауреат атағын жеңіп алған өзінің авторлық «Асыл елім менің» әндерін шалқыта орындағанда көрермендер дуылдаса қол соғып бір көтеріліп қалды.

 

Шәкірттерін өрелі өнерге жеке басының өнегесімен баулитын Ұлболсын Хамзақызының шығармашылықта қол жеткізген табыстары ұшан теңіз. Атап айтар болсақ, ол 2014 ж. облыстық «Тіл көгермей-ел көгермес» және «Менің отбасым-менің бақытым» шараларында, «Күй құдіреті» сазды кеші мен «Айдында жүзген ақ желкен» поэзия кешінде, 2015 ж. облыстық «Қазақ жырының Қадыры» поэзиялық кешінде, «Арлы, абыройлы, текті әйелдің үйі-жәнаттың бір бұрышы» кездесу кешінде және «Біз Жеңісті жырлаймыз» шарасында, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі шығармашылық еңбегі үшін біраз Алғыс хаттармен марапатталған 

 

Концертте сонымен қатар облыстық «М.Мақатаев оқулары» байқауының І-орын лауреаты, қалалық фольклорлық «Інжу-Маржан-2015» балалар шығармашылығы фестивалінің І-орын жүлдегері Иманғалиева Альфия М. Шаханов «Бақыт геометриясы» өлең жолдарының майын тамыза оқығанда тындармандардың кейбірі көздеріне жас алса, кейбірі өмірдің соқпақ жолында кездесетін қиындықты тек қана қанағат арқылы жеңе алатындығын енді ғана сезінгендей сілтідей тына тыңдады. Өнерлі жас, Ұлболсын Хамзақызының шәкірті, өзінің  көркемсөздің де хас шебері екенін тағы бір дәлелдеді

 

Кештің жалғасында Республикалық«Дети в ритме Мира» фестивалінің  Сертификат иегері, облыстық «Қазақ жырының Қадыры» поэзиялық кешінде Алғыс хатпен марапатталған А. Әскербаева халық әні «Әгигайды» орындаса, келесі кезекте Ұ.Нұрлыбаеваның авторлық «Көктем» әнін тамылжыта орындаған шәкірттері Айнұр  Жолдасбаева мен Александра Әскербаева көрермендерді бір серпілтіп тастады.

 

Облыстық «Есірткіге елікпе, спортты ал серікке» фестивалінің дипломанты, Қалалық «Інжу -Маржан» фестивалінің І-орын иегері және «Күй құдіреті» сазды кешінде Алғыс хатпен марапатталған Қабисатов Бейбіт «Я люблю тебя до слез» әнімен сахнаның сәнін ашса, Таңатарқызы Құндыз «Мен қазақтың қызымын» әнін қалықтата орындап көпті  өз өнеріне тәнті етті.

 

Кештің күлдіргіш кейіпкері Мақтаншақ қызтауып алған күшігін мысық деп ойлап көрермендерді сөзге тартып, оларды күлкіге батырса, ал қалалық «Музыкальный вояж» ән байқауының жеңімпазы, облыстық «Тіл көгермей-ел көгермес» кешінде Алғыс хатпен марапатталған Жарылғап Жүрсін Мақтаншақ қызға «Черный кот», «Достарым» әнін орындап берді.Мұнан соң«Жүрегіме бағынбаймын» әнін әуелете орындаған «Темпрано» вокалдық тобының әншісі облыстық «Маңғыстау жұлдызы» фестивалінің лауреаты, облыстық «Өртке қарсы шараға белсене қатысқаны үшін», «Қазақ жырының Қадыры» поэзиялық және «Тіл көгермей-ел көгермес» кешінің Алғыс хат иегері Жолдасбаева Айнұрға тыңдармандар дуылдасып қол соғып қошемет көрсетті.

Адамға алдымен үлкен мақсат қажет екенін «Мақсат» әнімен жеткізген «Шырай» вокалдық тобы салтанатты кештің сәнін келтірді. Концерттің соңында

Заңғар әлемді көруге жаны құштарлар,

 

Биігірек ғарышқа қарай ұшқандар-деген өлең жолдарынан шабыт алған «Темпрано» вокалдық тобының әншілері жастарды өнердің, өмірдің биік шыңына жету үшін «Тек, алға» әнімен алға ұмтылу керектігімен рухтандыра білді, көпшілік көрермен әсем әннің әдемі лебіне желпіне, ризашылықпен қол соғып, думанды кеш осылайша керемет әсерлі түрде мәресіне жетті.    

 

Ұстаздарының өнеріне, балғындарды шығармашылыққа тәрбиелеудегі шеберлігіне тәнті болған өнерпаз өрендердің ата-аналарының ыстық лебіздері мен алғыстарында шек болмады Ұлболсынның жүзінен өнердің жанашыры, талантты да дарынды әнші, ұстаз тұлғасын көру олар үшін керемет мақтаныш екені байқалды.

 

«Ән салу» үйірмесінің жетекшісі Ұлболсын Хамзақызы сахна төрінен өз үйірмесінде шәкірттерінің көбі әлеуметтікжағдайы төмен отбасының балалары болғандықтан кейде қаражат тапшылығына байланысты үлкен деңгейдегі ән байқауларына қатыса алмай қалатынымен қоса музыкалық сүйемелдеудің құны аспандап кеткенін де қынжыла айтып өтті.

 

-Шәкірттерімді жоғары деңгейге көтеру үшін халім жеткенінше әншілік деген киелі өнердің өркендеуіне, балғындардың өнерге деген құлшынысына ізгіліктің нәрін сеуіп өз үлесімді қосып келемін. Ел болашағы үшін еңбек етем, жүрегім елім, жерім деп соғады деген ел азаматтары болса «Ән салу» үйірмесіне демеушілік көрсетуін сұраймын, егер ұсыныс жасап жатсаңыз, құба-құп, қабыл алар едік»,- деп ұстаз сөзін аяқтады.

 

Сонымен қатар Ұлболсын Хамзақызы шығармашылық кеште, шараның өтуіне қол ұшын беріп, ел азаматы ретінде қолдау көрсеткен Н. Жантөрин атында облыстық музыкалық драма театрының директоры МұхановНұрнияз Мұқанұлына үлкен ризашылығын білдірді.

 

Осылайша әдемі әсермен мәресіне жеткен кештің ұйымдастырып, өткізушісі «Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызына үлкен алғыс пен игі тілектерімізді айтып біз де кештен қуанышты көңіл-күймен тарастық.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему