Ақтау тұрғындары Жеңіс күнін тойлады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 20:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау тұрғындары Жеңіс күнін тойлады

10 Мая 2015 (14:33) | 2189 | Автор: Нурганым Имашева

 

Мыңдаған қала тұрғындары Ұлы Жеңіс күнін тойлау үшін таңертеңмен Мәңгілік алау жанына жиыла бастады. Жеңіс шеруін екі мыңдай қала тұрғындарынан құралған «Мәңгілік полк» бастады.

 

Ұлы Отан соғысында қаза болғаны бар және соғыстан аман оралып, туған жерге  келген соң сұрапыл соғыс қиратқан ел экономикасын қалпына келтіру жолында ұзақ жылдар еңбек етіп, өмірден өткен ардагер ата-әкелерінің суреттерін қолдарына алған ұрпақтары сап түзеп Қашаған жырау ескерткішінен бастап, Мәңгілік алау монументіне дейін салтанатты шерумен жүріп өтті.

ҰОС және тыл ардагерлері, облыс және қала басшылары, көптеген мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері және т.б. Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Отан үшін қаза болған батыр бабалар рухына тағзым етіліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

 

Аймақ басшысы А.Айдарбаев мерекелік шеруге қатысушыларды Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойымен құттықтады. Сұрапыл соғыс кезінде Отанды жаудан қорғаған даңқты маңғыстаулықтардың атын атаған облыс басшысы, ел басына күн туған шақта өлкедегі еңбек майданында бел шешпей еңбек еткен тыл ардагерлерінің де Жеңіске қосқан үлесін атап өтті.

-ҰОС кезінде майданға аттанған маңғыстаулық сарбаздардың 4800-і елге оралмады. 1941-42 жж. елдің өзге аймақтарынан көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарМаңғыстау өңіріне көшірілді. Олар орналастырылған Баутин қойнауы сол кездерде майданды балық өнімімен қамтамасыз еткен тылдың қайнаған ортасына айналды.

 

Маңғыстау балықшылары күндіз-түні теңізден балық аулады. 1941 ж. олар тапсырған балықтың мөлшері 1190 центнерге жетті.

 

944 ж. Таушықтағы көмір шахтасында елде қалған әйелдер мен балалар және қариялар 18 762 тонна көмір өндірді. Аймақтағы мал басын 40 мыңға жеткізген малшылар қауымының ерен еңбегі де елеулі болды.

 

Ардагерлер мен майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне халқымыздың атынан бас иемін. Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, бала-шағаларыңыз бен туған-туысқандарыңызға, жақындарыңызға амандық тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын!-деді облыс басшысы.

 

Жеңіс шеруі бұдан соң жергілікті өнерпаздардың орындауындағы соғыс уақытын бейнелеген театрландырылған көріністер мен мерекелік концертке ұласты. 

 

Мерекеде тілектерін білдіруге өтініш жасағанымызда соғыс ардагерлері бүгінгі өскелең ұрпаққа өздерінің аталық тілегін арнап, өсиеттерін жолдады.

 

ҰОС ардагері Олжабаев Хамит ата:

 

-Жеңіс мерекесі құтты болсын! Жастар соғысты көрмесін, бақытты болсын! Жас ұрпақ оқып, білім алып, азамат болсын, ел тірегіне айналсын.

Соғыс ардагері Людмила Александровна Фомина:

 

-Жас ұрпақ денсаулықтарын күтіп, жақсы білім алуға тырысып, жақын туыстарының амандығын тілеп, туғандарына-көршілеріне-баршасына өз көмектерін тигізіп, елі үшін еңбек етіп, жарқын болашаққа ұмтылуы тиіс.

Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлденіп жайнай берсін! Жеңіс күні құтты болсын!

 

Жеңісті Берлинде қарсы алған майдангер, ІІ топ мүгедегі Аймағанбетов Асан атай:

 

-Жастарымыз бақытты ғұмыр кешсін. Біз көрген қиындықтарды олардың басына бермесін. Бейбіт өмірде еңбек етіп, елін көркейтуге жазсын.

 

Қала тұрғындарының кейбірі майдангер қарияларға алғыстарын білдіріп, Жеңістің 70 жылдығымен құттықтауға ниет танытты.

13 жасар Кенжебекова Гүлнұр:

-Атама бізге Ұлы Жеңісті сыйлағаны үшін алғысымды айтамын. Ардагерлер мәңгі жасай берсін!

 

Ақтау қаласының тұрғыны Максим Дәулетқалиев:

 

-Осы бейбіт күнді бізге алып берген ардагерлеріміз аман болсын. Жыл сайын мерекелерді, Жеңіс күнін бізбен бірге тойлап, арамызда жүре берсін. Елімізде тыныштық болсын. Балалармыздың қызығын көріп, аман жүруге жазсын.

Ақтау тұрғыны Александр Костылев:

 

-Бүгінгі алаңсыз өміріміз үшін барлық ардагерлерге, ҰОС қатысушыларына мың алғыс! Бейбіт өміріміз үшін біз сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз. Дендеріңіз сау болып, арамызда әлі де ұзақ ғұмыр сүргеніңізді қалаймыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему