Ақтауда қоныс той
Курс валют в Актау
на 19/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
19 Мая, 09:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда қоныс той

6 Апреля 2015 (10:06) | 2058 | Автор: Авторы: Мира Ботабекова

 

Бүгін Ақтауда 32 «А» шағын ауданында 400 отбасы қоныс тойын тойлады. Барлығы да «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне» бірнеше жыл қаржы салған салымшылар. 8 бірдей көпқабатты тұрғын үйдің барлығы «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр.

 

- Өткен жылы Маңғыстау облысында 587 мың шаршы метр үй табысталды. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 492 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Биылдың өзінде «жас отбасыларға» арналған 60 пәтерлік 2 үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы барлық санаттағы адамдар үшін 32 «А» шағын ауданнан 120 пәтерлік 1 үй, «Аққу» шағын ауданынан 2-ші кезеңінде барлығы 747 пәтерді тапсыру, және жергілікті атқарушы орган кезегіндегілер үшін 120 пәтерлік 3 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек мемлекеттік бағдарлама аясында «Аққу» шағын ауданының 3 кезеңінде тұрғын үй құрылыстарын салу және 34 шағын ауданнан 60 пәтерлік 6 үйдің құрылыс жұмыстарын бастау да жоспарланып отыр. Біз барлық маңғыстаулықтарды қол жетімді және сапалы тұрғын үйлермен барынша қамтамасыз етуіміз керек, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

 

Екі бөлмелі пәтерге ие болған Ерболат пен Шынардың қуанышында шек жоқ. Олардың енді өз пәтері бар. Жас отбасы 2010 жылы «Тұрғын үй жинақ банкімен» келісімшартқа отырады. 5 жылдың ішінде пәтер құнының 50 пайызын жинақтап үлгерген. Осылайша екі бөлмелі жаңа әрі жайлы пәтерге қол жеткізді. Ақтау темір балқыту зауытында жұмыс істейтін Ерболдың бір ұлы мен қызы бар.

 

 Бүгін Ерболатпен бірге тағы 400 отбасы қоныс тойын тойлады. Көп қабатты тұрғын үйлер шаһардың солтүстігіндегі жаңа шағын ауданында орналасқан. Үйге жарық, жылу мен су толық келіп тұр. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандустар да қарастырылған. Талапқа сай салынған баспанаға қол жеткізуге кез-келген тұрғынның мүмкіндігі бар. Бастысы «Тұрғын үй жинақ банкінен» депозит ашсаңыз болғаны.

 

Ербол Қарашүкеев, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма басшысының орынбасары:

-Елімізде Азаматтардың әр санатына арналған тұрғынүй бағыты бойынша қаржыландырудың көлемі 4 есеге артып отыр. Бұрын 10 млд. болатын болса, осы жылы қосымша 30 млд. теңге бөлініп, 40 млд-қа жуық ақша «Қолжетімді тұрғынүй – 2020» бағдарламасы аясында салынатын үйлерге бағытталады. Сондықтан да биыл үйлер көптеп салынады. Салымшылардың құлағына алтын сырға, ертерек, ақша салып, баспаналы болыңыздар.

 

 

Ербол Қарашүкеев Ақтауда салымшылар санының артқанын айтты. Жаңа пәтер алу үшін қаржы жинақтаған тұрғындар саны биыл 40 пайызға өсіпті. Жыл соңына дейін шаһарда «Қолжетімді баспана» бағдарламасына іліккен 900 отбасы жаңа пәтерге қоныстанатын болады. Оның 120-сы жас отбасылар.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему