Алғашқы оқ атудан бастап, танкпен сынақтан өтуге дейін: теңіз жаяу әскерлері жас сарбаз даярлау курсынан өтуде
Курс валют в Актау
на 29/11/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
29 Ноября, 04:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғашқы оқ атудан бастап, танкпен сынақтан өтуге дейін: теңіз жаяу әскерлері жас сарбаз даярлау курсынан өтуде

27 Ноября 2026 (13:06) | 1 | Автор: Редакция

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскерлері бригадасының мерзімді әскери қызметтегі 500-ден астам сарбазы «Оймаша» полигонында жас жауынгер даярлау курсының практикалық кезеңінен өтті. Жаттығу бағдарламасы танкпен шынығу, кедергілер жолағынан өту және Калашников АК-74 автоматын алғаш рет ату сияқты тапсырмаларды қамтыды.
Әскери дайындық жас сарбаздар әскери бөлімге келген сәттен басталды. Осы уақыт аралығында олар жалпы әскери жарғыларды меңгеріп, саптық және дене даярлығының негіздерін үйренді. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастырды.
Келесі кезең тактикалық алаңдағы жаттығуларға арналды. Әскери қызметшілер ұрыс жағдайына барынша жақын ортада әрекет етуді пысықтады. Атап айтқанда, автоматпен оқ атты, оқу гранаталарын лақтырды, межициналық дайындық жүргізді және броньды техника қолдауымен тактикалық тапсырмаларды орындады.
Жаттығулар барысында танкпен шынығуға ерекше көңіл бөлінді. Әскери қызметшілер қозғалыстағы ауыр техниканың астында өздерін сабырлы ұстап, жүктелген міндеттерді орындауы тиіс болды.
«Мұндай жаттығулар жас сарбаздардың практикалық дағдыларын ғана емес, психологиялық дайындығын да тексеруге мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз – оларды күшті эмоциялық қысым жағдайында да сенімді, тәртіпті әрі үйлесімді әрекет етуге үйрету. Жеке құрам барлық қойылған міндетті ойдағыдай орындады», – деді жас сарбаздар жиынының бастығы, подполковник Әлішер Тасқалиев.
Ақтөбе облысынан әскерге шақырылған гвардия қатарындағы қатардағы жауынгер Әлішер Төлепберген де өз әсерімен бөлісті:
«Танк окопқа жақындаған алғашқы секундтарда толқу ерекше сезіледі. Дегенмен, ең бастысы – барынша жинақталып, тапсырманы орындау. Командирлер мен қаруластарымның қолдауы қобалжуды жеңуге көмектесті. Осындай сынақтан өткен соң өз күшіңе деген сенім арта түседі», – дейді ол.
Практикалық жаттығулар жас сарбаздардың әскери қызметке бейімделуіне, моральдық-психологиялық төзімділігін нығайтуға және күрделі жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға маңызды үлес қосты.
Жас жауынгер даярлау курсын аяқтаған әскери қызметшілер 28 қараша Әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылар қатарына ресми түрде қосылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему