Қарақия ауданында республикалық «Бір ауыл - бір өнім» жобасы жүзеге асырылуда
16 Сентября 2022 (16:05) | 1075 | Автор: Редакция
Республикалық «Бір ауыл - бір өнім жобасының жұмыс тобы мен қонақтары Қарақия ауданына іс-сапармен барды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бір ауыл-бір өнім» республикалық жобасы Қазақстан бойынша төрт облыстың төрт ауылын қамтиды. Соның бірі Қарақия ауданының Құрық ауылы.
Аталған жобаның мақсаты - төрт түлік малдың жүн-терісін өңдеп, әлемдік деңгейде таныту.
Форумның жұмыс тобы ауданда жасалып жатқан жұмыстарымен танысып, жаңадан ашылатын ғимараттың дайындығын көрді.
Сондай-ақ, Қарақия кәсіптік колледжінің жұмыс барысымен, заманауи тері-тон бұйымдарын өңдеу технологиясымен танысты.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Р.А.Миралиеваның бұқтырылған ет өнімдерін дайындайтын цехына және ауданға қарасты егін шаруа қожалықтарына арнайы барды.ол.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему