Улы газбен уланудан сақтаныңыз
29 Марта 2018 (19:12) | 5197 | Автор: Нурганым Имашева
Республикамызда газдан улану оқиғаларының саны көбеюде.
Көп жағдайларда газдан улану газдарды, қазандықтарды дұрыс пайдаланбағаннан шығады. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамға дәрігерден бұрын алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі маңызды.
Есіңізде болсын! Уланған адамды қауіпті жерден алып шығу барысында өзіңіз де уланып қалмау үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз керек.
Ол үшін бет орамал арқылы дем алуыңыз, әрі тез әрекет етуіңіз керек. Көбінесе адамдар ұйқыда жатқан кезде газға қалай уланып қалғанын білмей қалады.
Осының бәрі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан, салғырт қарағаннан шығады! Ақтау қаласы бойынша осы уақытқа дейін газдан улану факторы тіркелген жоқ.
Ақтау қаласы тұрғындары назарына:
-үйден шығарда газ бұрандамасын жауып шығу қажет;
-Балон мен газ ара қашықтығы жарты метр болуы керек;
-Газ баллонды өз бетінше ашып, өз бетінше жөндеуге болмайды;
-Газ баллонды мөлшерден тыс жылы жерге қоймау керектігін қатаң бақылау керек.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері лауазымындағы тағылымгері Б. Ниятов
Суреттер dchspavl.gov.kz
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему